Тақырып: Жүрек демікпесі кезіндегі шұғыл көмек
Мақсаты: қан айналым шеңберінде қанның өкпе қан тамырларында тұрып қалуын азайту , оттегі жетіспеушілігін жою, өкпе капиллярларының өткізгіштігін азайту, АҚҚ қалпына келтіру .
Керек жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, оттегі балоны, маска, дәке салфеткасы,
Стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, система, мақта домалақтары, этил спирті 70%, резеңкелі жгут, қолғап, дезерітіндіге салынған пинцет, валик, лоток.
Дәрілік заттар: 2 мл лазикс,нитроглицерин.
Іс -әрекет алгоритімі
1.Науқастың аяғын төмен түсіріп, отырыңқы жағдай жасау.
2.Аяқ-қолға жгут салу.
3.Ылғалды оттегін беру.
4.К/т 2 мл лазикс енгізу.
5.Нитроглицеринді тіл астына салу.
6. к\т 5000 Ед гипаринді 10 мл 0,9 % физиологиялық ерітіндімен енгізу.
7.к\т немесе б/е 1мл 1% морфин ерітіндісін енгізу.
8.Гипертониялық криз кезінде қосымша 1 мл клофелинді натрий хлоридтің физиологиялық ерітіндісіне қосып к\т енгізу.
9.Бронхоспазом кезінде 2,4% эуфилин ерітіндісін к\т енгізу.
Ескерту: миокард инфаркті кезінде жүрек гликозидтері қарсы көрсеткіш болып табылады, себебі олар миокардтың жиырылу қызметін күшейтіп некроз аймағын үлкейтеді.