Байланысты: Кейбір көкөністі ыстық тағамдар мен гарнирлерді ұсынудың ерекшеліктері
Тақырып: Кейбір көкөністі ыстық тағамдар мен гарнирлерді ұсынудың ерекшеліктері
Топ: ТКА-1122
Ыстық жеңіл тамақ болып саналатын қаймақ тұздығында пісірілген саңырауқұлақтар, ережеге сәйкес оны сол дайындалған (кокотницада) ыдысында жібереді, сондықтан оны тікелей қонақтың алдына қояды. Ыстық жеңіл тағамдарды беру температурасы 85 — 90 °С. Саңырауқұлақтар пісірілген ыдысты ыдыстың сырғанауын болдырмайтын, ойылған қағаз майлық жабылған, тұғыр тәрелкеге алдын ала қояды. Қонақ күйіп қалмау үшін, 278 кішірек ожаудың қолына қағаздан жасалған папильотка кигізіледі. Қазіргі уақытта өнеркәсіпте дайын папильоткалар шығарылады. Кішірек ожауда берілетін жеңіл тамақты дайындау кезінде, ожаулы шанышқыны немесе шай қасықты пайдалану керек. Тәрелкеге кішірек ожауды, оның қаламы қонақтың сол жағында, ал ожаулы шанышқысы немесе шәй қасығының ұстағышы оң жағында болатындай етіп қояды. Көкөністерден әзірленетін құймақтар мен драникті үлесті табада немесе арнайы дөңгелек ыдыста ұсынады. Ұлттық тағамдардың бірі болып табылатын драниктерді ағаштан жасалған арнайы тұғыры бар үлесті шойын табада береді. Арнайы ыдыстағы құймақтың температурасын сақтап қалу үшін ыдысты үстіңгі шеті құймақты жауып тұратындай төрт бүктелген қалың майлыққа салады. Майлықтағы ыдысты ұсақ асхана тәрелкелеріне қояды, қақпағын қосалқы үстелде қалдырады. Құймақтың үстіне майлықтың астына жайып қою үшін жеңіл тамақ шанышқысын салады. Үстелді жеңіл тамақ тәрелкелері және жеңіл тамақ аспаптарымен (пышақ және шанышқы) даярлайды. Құймақты оң жақтан береді. Құймаққа, драникке қаймақ тұздығын немесе металл тұздық сауытта ерітілген сары май немесе фарфор тұздық сауытында қаймақты беруге болады. Сүт тұздығындағы көкөністерді дөңгелек ыдысқа салады, үстінен тұздық құяды. Егер көк қосқылары келсе, алдын ала оларды ұсақтап кесіп, тұздық үстінен себеді. Дайын тағамды оң жақтан тұғыр тәрелгеке үлестіру үшін асхана қасығымен үстелге қояды. Үстелге қыздырылған ұсақ асхана тәрелкелерін қояды. Оң жаққа қойылған асхана шанышқыларымен тамақты жейді. Түрлі-түсті қырыққабатты, пісірілген брокколи қырыққабатын, ақбасты қырыққабат түйіршіктерін немесе пісірілген брюссель қырыққабат қаудандарын конверт сияқты бүктелген маталы майлықпен тұғыр тәрелкеге салып, дөңгелек немесе сопақ металл ыдыста немесе дөңгелек ыдыста ұсынады. Тағамды қосалқы үстелде ұсақ асханалық тәрелкелеріне аударып, тұтынушының оң жағынан береді. Бәліш тәрелкесіне қойылған жеке металл тұздық сауытында кептірілген нан немесе «Голландский» тұздығын береді. Үстелге тұтынушының оң жағынан асхана шанышқысын қойып даярлайды. Пісірілген спаржаны қалың майлықпен жабылған торда береді. Торды сопақ металл ыдысқа немесе майлық төселген подносқа салады. Үстелге қыздырылған ұсақ асхана тәрелкелерін қояды. Тағамды тұтынушының оң жағына қойып, оны қысқыштармен үлестіреді. 279 Спаржаны қолмен немесе асхана аспаптарының көмегімен жейді. «Голландский» тұздықты кілегеймен немесе жұмыртқаның тәтті тұздығымен металл тұздық сауытында қасықпен жеке береді. Тұздықты тұтынушының сол жағына қояды. Егер спаржаны қолмен жеген жағдайда, тамақтан кейін саусақтарды шаю үшін, тұтынушының оң жағына қоятын шыны ыдысқа қышқылдау жылы су немесе тәрелкеге суланған жылы майлық салып береді. Көкөніс голубциын 1 порцияға 2 голубцидан дөңгелек ыдыста береді. Ыдысты тұғыр тәрелкеге салады. Голубциды асхана тәрелкесіне асхана шанышқысымен және қасығымен қосалқы үстелде ауыстырады. Егер түскі үстелде тікелей ауыстырса, ыдысты тұздық тұтынушының киіміне тамып кетпестей ұстайды. Түскі үстелде асхана шанышқысы болуы қажет. Бұрыш, асқабақ, баялды, шалқан және қызанақ турамасын ұсақ асхана тәрелкесінде береді, оны қаймақ тұздығымен немесе қаймақ қызанағымен құйып шығарады. Үстелге асхана пышағы мен шанышқысы қойылады. Турама салынған көкөністерді арнайы ыдыста беруге болады, бұл жағдайда үстелге ұсақ асхана тәрелкесі мен асхана аспаптарын қоюды ұмытпаған абзал. Пісірілген бөрікгүлді қонаққа қыздырылған ұсақ асхана тәрелкесінде ұсынады. Бөрікгүлді қолмен, етті төменгі жағын бөліп және тұздыққа малып жейді, оны оң жақтағы бәліш тәрелкесінде орналастырады. Тұздық сауытының жоғары жағына бөрікгүлдің пайдаланған жапырақтарына арналған жеңіл тамақ тәрелкесін қояды. Бөрікгүлдің жапырақтарын жемейді, жапырақтың жұмсағын ғана сорып алады. Сол жаққа жеңіл тамақ тәрелкесіне маталы майлықта қышқылдау жылы су ыдысы қойылады. Көкөніс гарнирі негізгі тағамға арналғандықтан, оны шығарғанда ешқашан тұздық құймайды, тұздық құйылған көкөністер де тәбетті ашпайды. Қуырылған ақ саңырауқұлақтарды майлық төселген тұғыр тәрелкеге қойып, үлесті табада (кроншеледе) береді. Үстелге асхана аспаптары мен асхана тәрелкесін даярлайды.
Тапсырма
1. Дайын аспаздық өнімдерді өткізудің қандай түрлерін білесіз?
2. Қоғамдық тамақтанудың қазіргі кәсіпорындарында қызмет көрсетудің қандай әдістері қолданылады?
3. Қызмет көрсетудің құрамдастырылған әдісі дегеніміз не? Қызмет көрсетудің басқа әдістерімен салыстырғанда артықшылықтары қандай?