Тақырып мемлекеттік бюджет



бет1/7
Дата16.10.2023
өлшемі306,93 Kb.
#115804
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ


ТАҚЫРЫП-6. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ

Тақырыпты оқып меңгергеннен кейін білімгерлер мыналарды білуге тиісті:



  • Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлін;

  • Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуын;

  • Бюджетаралық қатынастарын реттеу механизімін;

  • Мемлекеттік бюджет тапшылығы мен бюджет процессін.


Негізгі ұғымдар:



    • Бюджет

    • Бюджет жүйесі

    • Мемлекеттік бюджет

    • Мемлекеттік бюджет кірістері

    • Мемлекеттік бюджет шығыстары

    • Бюджет процессі


Мазмұны:
6.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
6.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
6.3 Бюджеттің кірістері мен шығыстары
6.4 Бюджеттік процесс
6.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны үдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.


Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категориялар сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдық – заттай іске асырылады, сонымен қатар, бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорында немесе бюджеттік қорда жасалынады. Ал бюджеттік қор, қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны болып табылады. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта болумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіретіндігінде.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жал­пы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлу функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекетік бюд­жет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Ал бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіңдігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджетті экономикалық категория немесе мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Нақты тоқталатын болсақ, мемлекеттің негізгі қаржы жоспары, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық эконмикалық процесстерді бақылайтындықтан, сонымен қатар барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекеттің қарыздары және т.б. өзінің жинақталған көрінісін табады. Әдетте, бюджет (бір қаржы жылына жасалынатын, 2009 жылдың 1 қаңтарыннан бастап бюджет 3 (үш) жылға жасалынады), бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет, ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Экономикаға ықпал ету құралы ретіндегі бюджеттің рөлі көрініс табылады.
Мемлекеттік бюджет орындалу міндетті – мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет