Тақырып: Мінез-құлыққа негізделген ұстанымның сипаттамасы Көшбасшылықты (басқаруды) бағалау торы



бет3/3
Дата01.03.2023
өлшемі61,06 Kb.
#70792
1   2   3
Байланысты:
Лекция 4

3.Патернализм/матернализм
Патернализм/матернализм ұғымы 1,9 және 9,1 стильдерінің екеуін де пайдаланып, бірақ оларды біріктірмейтін көшбасшыға қатысты айтылады (4.2-сызба). Ол – ізгі жолмен әрекет етіп, алайда оны мақсатқа жету үшін жасайтын «мейірбан диктатор». Шын мәнінде, патерналистік/матерналистік стиль адамды міндеттен жеке-дара бөліп қарастырады. Патерналист/матерналист көшбасшы әдетте өз ізбасарларына қатысты «әке» немесе «ана» есебінде сипатталады; ұйымды «отбасы» ретінде көреді; басты шешімдердің көбін өзі қабылдайды; және бейілділік пен бойсұнушылықты қолпаштап, бойсұнбаған жағдайда жазалайды елестетіңіз. Профессор Смит сыныпқа келіп, өзін таныстырады, студенттерді түгендейді, силлабусты тексереді, бірінші тапсырманы түсіндіреді де, сыныпты босатып жібереді. Профессор Джонс сыныпқа келіп, өзін таныстырып, силлабусты үлестірген соң, студенттерге мамандықтары және сыныптан тыс айналысатын сүйікті істері жайында айтқызу арқылы олардың бір-бірімен жақынырақ танысуына көмектесуге тырысады. Екі профессордың көшбасшылық мінез-құлықтары мүлде өзгеше. Профессор Смиттің іс-әрекетінен міндеттерге негізделген мінез-құлықты, ал профессор Джонстың іс-әрекетінен қарым-қатынасқа негізделген мінез-құлықты аңғаруға болады.
4.2-сызба. Патернализм/матернализм

Мінез-құлық ұстанымы профессорлардың мінез-құлқындағы айырмашылық туралы ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Өздерінің көшбасшылық мінез-құлқына студенттердің қандай реакция танытқанына қарап, профессорлар алғашқы оқу күніндегі сабақ беру тәсілдерін өзгерткілері келуі мүмкін.
Жалпы алғанда, мінез-құлық ұстанымы көшбасшының мінез-құлқын жалпылама түрде бағалау құралдарын ұсынады. Ол көшбасшының өзгелерге ықпалы олар орындайтын міндеттер мен орнықтыратын қарым-қатынас арқылы жүзеге асатынын еске салады.
Мінез-құлық ұстанымы біздің көшбасшылық жайындағы түсінігімізге біршама оң үлесін қосады. Біріншіден, бұл ұстаным көшбасшылықты зерттеудегі жалпы назарды өзге арнаға ойыстырды. Бұған дейін зерттеушілер
көшбасшылықты тұлғалық қасиеттер ретінде ғана қарастырып келген (2-тарауды қараңыз). Мінез-құлық ұстанымы көшбасшының мінез-құлқы мен олардың әртүрлі ситуацияда қандай әрекет етерін қамту арқылы көшбасшылықты зерттеу ауқымын кеңейтті. Ендігі уақытта көшбасшының тұлғалық сипаттарына ғана назар аударылып қоймай, олардың қандай және қалай әрекет етері де ескерілді.
Екіншіден, көшбасшылық мінез-құлық жөніндегі бірқатар зерттеу аталған ұстанымның негізгі қағидаларын мақұлдап, дәйектейді. Алғаш рет Огайо штаты университеті мен Мичиган университетінің зерттеушілері тұжырымдап, сипаттаған, кейіннен Блейк пен Мутонның (1964, 1978, 1985), Блейк пен Маккейннің (1991), Джадж, Пикколо және Илистің (2004), сондай-ақ Литтрелдің (2013) еңбектерінде жазылған мінез-құлық ұстанымын көшбасшылық процесі ұғымына қатысты орынды тәсілдеме ұсынатын көптеген зерттеу негіздейді. Огайо штатындағы зерттеулер барысында әзірленген LBDQ-ХІІ ауқымды метаталдауын Джадж бен оның әріптестері (2004) жасады, олар барлық сұрау салу құралының көшбасшы жетістігі үшін елеулі болжамдық маңызы бар екенін анықтады (Littrell, 2013).
Үшіншіден, тұжырымдамалық деңгейде мінез-құлық ұстанымын зерттеушілер көшбасшы стилі, негізінен, екі негізгі мінез-құлық түрінен – міндеттер мен қарым-қатынастан тұратынын мәлімдеді. Бұл идеяның маңызын төмендетуге болмайды. Көшбасшылық жүзеге асқан кез келген уақытта көшбасшы міндеттерге негізделген мінез-құлықты да, қарым-қатынасқа негізделген мінез-құлықты да танытады; ықпалды көшбасшы болудың кілті әдетте көшбасшының осы екі мінез-құлықты қаншалықты тең ұстайтынына байланысты. Бірлесе келе, олар көшбасшылық процесінің басты компонентін құрайды.
Төртіншіден, мінез-құлық ұстанымы эвристикалық болып келеді. Ол бізге көшбасшылықтың күрделі тұстарын түсінуге тырысқан кезде, қолдануға тұрарлық ауқымды байланыстар диаграммасын ұсынады. Көшбасшы өз мінез-құлқына міндеттер мен қарым-қатынас аспектілері тұрғысынан көз салу арқылы өздері және өзгелермен қалай араласатыны жайында көп мағлұмат ала алады. Осы ұстанымға сүйене отырып, көшбасшыға өз әрекеттерін бағалап, көшбасшылық мінез-құлқын жақсарту үшін қалай өзгергісі келетінін анықтауға жол ашылады.
Мінез-құлыққа негізделген ұстанымның күшті тұстарымен қатар, әлсіз жақтары да бар. Біріншіден, бұл ұстаным туралы зерттеу көшбасшы мінезқұлқының өнімділік нәтижелерімен қалай байланысатынын дұрыс көрсетпеді (Bryman, 1992; Yukl, 2003). Зерттеушілер міндеттерге және қарым-қатынасқа негізделген мінез-құлықтар мен моральдық рух, жұмысқа қанағаттанушылық және өнімділік секілді нәтижелер арасында жүйелі байланыс орната алмады. Юклдың (2003, p. 75) сөзіне сүйенсек, «осынау ауқымды зерттеудің нәтижелері көбіне өзара қарама-қайшы және нанымсыз болды».
Бұдан әрі ол көшбасшылық мінез-құлық туралы жалғыз нанымды қорытынды: «Ілтипатты көшбасшының ізбасарлары өз жұмысына әлдеқайда көбірек қанағаттанады» деген тұжырым екенін атап өтті.
Айтылар сындардың тағы бірі – бұл ұстаным барлығына жуық ситуацияда әсерлі болатын әмбебап көшбасшылық стильді тапқан жоқ. Мінез-құлық ұстанымы зерттеушілердің ең басты мақсаты тиімді нәтижелерге алып келетін көшбасшылық мінез-құлықтардың әмбебап жиынтығын анықтау секілді. Зерттеу нәтижелерінің өзара сәйкессіздігі кесірінен бұл мақсат ешқашан орындалмады. Көшбасшылардың нақты сипаттарын анықтай алмаған тұлғалық қасиеттер ұстанымы тәрізді, мінез-құлық ұстанымы да тиімді көшбасшылықпен байланысатын әмбебап мінез-құлықтарды анықтауға қабілетсіз болып шықты.


...

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет