Байланысты: 3СРС Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру және басқару
көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық және сандық болып екіге бөлінеді. Сапалық көрсеткіштер - материалдың түсі, бұйымның түрі, т.б. Сандық көрсеткіштер (параметрлер) тауарды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін қолданылады. Сапа көрсеткіші - тауар сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық көрсеткіштермен сипаттайды. Көрсеткіштер әр түрлі өлшемдермен келтіріледі немесе өлшемсіз болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда олардың атауы мен мәні анықталады.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие деңгейі ерекше маңызға ие болып отыр, өйткені республиканың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түпкілікті өзгерістер, біздің мемлекетіміздің әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуы, бәсекеге қабілетті қоғамда өмір сүріп еңбек ете алатын өскелең ұрпақтың білім алуының дайындық сапасына жоғары талаптар қояды. Сондықтан, біздің міндетіміз балалардың толыққанды білім алуын қамтамасыз ету.
Қазақстандағы қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім жүйесі қоғамның қажеттілігіне сәйкес сұраныс есебінен құрылады. Осыған байланысты, ол балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдар үлгісімен және жаңа формалы ұйымдардың пайда болуымен, білім беру қызметінің әр-түрлілігімен сипатталады. Бүгінгі күні ата-аналарға әрбір баланың жеке бас қабілеттерін дамытуға сай келетін балабақшаны таңдау мүмкіндігі пайда болды. Бұл аз уақыттық болу топтары, шағын-орталықтар, жеке меншік балабақшалар, оқу-тәрбие және сауықтыру орталықтары, мектеп-балабақшалар, және т. б.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу, дамыту мәселелері тек қана еңбекті басқару қағидалары мен мектепке дейінгі мекеме басшысының жоғары кәсібилігіне негізделіп, дұрыс ұйымдастырылғанда ғана табысты болатыны анық.
Мені, жас басшы ретінде қызметке алғаш келгенімде, орта мектеп ұжымында, оқушылармен жұмыс істеудегі 30 жылдан аса еңбек өтілім бола тұра, сан сұрақ қаумалады, олардың қатарында:
- мен бүлдіршіндермен тез тіл табысып кете аламын ба?
- қызметкерлерді ынтымағы жарасқан ұжым ету, олардың арасында мейірімді қарым-қатынас орнату үшін істі қалай ұйымдастырғаным жөн?
- педагогтардың жұмысына білікті бақылау жүргізу үшін мекеме қызметін қалай жоспарласам екен? Осы және басқа да сұрақтарды мектепке дейінгі мекеме басшысы шеше білуі тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің тыныс-тіршілігін демократияландыру және ізгіліктендіру, оны балаға бағыттау тек мекеме басшысының жаңа басқару қағидалары мен кәсіби деңгейінің жоғарылығының арқасында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Балабақшаны, меншік нысанына қарамастан, басқару – тәрбиешілер, қызмет көрсетуші қызметкерлер, балалар, ата-аналар мен қоғамдастыққа мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін ұтымды шешу мақсатында ғылыми негізделген іс-әрекет.
Мектепке дейінгі мекемені басқару