Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына XIX ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1965 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің “Өсімдік будандарымен жүргілізген тәжірибелер” деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап емес 35 жыл бойы көпшілік биологтарға, соның ішінде Ч.Дарвинге де белгісіз күйде қалды.
Г.Мендель ашқан тұқымқуалаушылық заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды. Себебі үш елдің ғалымдары: голландиялық Г.де Фриз, неміс ғалымы К.Корренс және австриялық генетик Э.Чермак-Зейзенегг әр түрлі объектілермен тәжірибелер жүогізіп, нәтижесінде Мендель заңдылықтарының дұрыстығын дәлелдеді. Көп кешікпей бұл заңдылықтардың жануарларға да тән екендігі анықталды. 1909 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон өсімдіктер мен жануарлардың әрқайсысының 100 шақты белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сәйкес жүретіндігін дәлелдейтін ғылыми деректерді жариялады. Сөйтіп, Мендель ілімі ғылымнан берік орын алды.
2) Психогенетика ғылымындағы Евгеника бағыты
Евгеника - биологияның адамды генетикалық әдістермен жақсарту мүмкіншіліктерін баяндайтын саласы. Алғашқы селекциялық Евгеника, (1900-1930 жж.) күшпен көбейту немесе кейбір «тандамалы» нәсілдерін сақтап қалу мақсатында жеке бір адамдарды стерилизациялауға негізделген әдістерді ұсынады. Осы заманға онтайлы евгеника дәл адамгершілік, әдептілік қатынасында адамның генофондық сақтау үшін, денсаулығын жақсартып өмірін ұзарту үшін гендік инженерияға үміт артады.
Евгеника— адамның түқымқуалаушылығы және оны жақсарту жолдары туралы адам генетикасы мен медициналық генетиканы пайдалануға шақыратын ілім. Евгениканың кейбір бағыттары нәсілшілдік пен «өлеуметтік дарвинизм" ағымдарының теріс идеяларын пайдалана отырып, адамдардың мәдени теңсіздігі олардың психо-физиологиялық айырмашылықтарына байланысты және адамдардың "жаңа тұқымын" шығару керек деген антигумандық кағидаларды ұстанған. Бірақ Евгениканың және оның жаңғыртылған қазіргі бағыттарында көптеген маңызды адамдық мәселелер көтерілген. Неоевгениканың өкілдері (П.Рамсей, Ч.Фрэнкель, Дж. Ледерборг, Д. Рорвик, М. Эбон және т.б) тұқымдық инженерияның қойған жаңа мәселелеріне назар аударады. "Жасалып жатқан адам" еңбегінде Г.Рамрсей зиянды түқымдық мутацияларға қарсы күрес қажеттігін алғай қойды, сонымен бірге ол адам "фенотипін" жөндеу, жасанды пробиркалық нәресте, тұқымдық бақылау калық, демографиялык кысымды азайту мәселелерін гуманизм мен этика талаптарына сай шешуді қалайды. Ч.Френкель "Евгеника елесі" деген мақаласында биомедициналық биоэтикаға тәуелді болуын жақтап, жаңа евгеникалық жобалардың құндылықтарынан лашақтамауын қолдайды. Бірақ адамдарды генетикалық жолмен модификациялау көптеген гуманитарлық және этикалық қиындықтармен кездесті. М. Эбон "Адамда клондау; тамаша жаңа үміт немесе жаңа үрей" еңбегінде бұл мәселеге үлкен байыппен қарауға шақырады.
Евгениканың қағидаларын алғаш белгілеп берген - Ф.Гальтон. Өзінің "Таланттың тұқым қуалаушығы" атты кітабында мықты еркектер мен дені сау әйелдер арасындағы неке ақыр аяғында дарынды нәсілдің пайда болуына алып келеді деп болжады. 1926 жылы негізі қаланған американдық евгеникалық қоғам Гальтон теорияларын қолдады.