Махмұт Қашқари: «Әдептің басы-тіл», «Тіл — тәрбиелілік пен қайрымдылықгың басы», «Ерен ерлік тілде туады». Тіл жәй қарым-қатынас құралы ғана емес, ол сол халықгың, оның тарихы мен мәдениетінің өзіндік және бірегей болмысын танытады. Ойлау мен тіл бірлікте.
Махмұт Қашқаридың бұл кітабы тарихи жадтың сактаушылық және жаңғырушылық рөлін атқарады. Ол тарихи тәжірибені қайта жаңғыртып, бүгінгі жаһандану жағдайында халқымыздың өзіндік ұлттық санасын қалыптастырады. Қоғам осыған қарап көш түзейді және ол сонымен бірге Қашқари мұрасының жинакталған топтамасы болып табылады. Қоғам мен мәдениет тарихи бұл еңбекте бейнелі түрде сипатталған. Оның дүниетанымының тарихи маңызы да осында.
Махмұт Қашқари өзінің артында мынандай өсиет қалдырған:
Махаббат маған күш береді!
Тамшы су тама-тама тау жарар.
Ел ішінде сенің даңқың жайылсын!
Тіліңе абай бол!