1.Жаңа зейнетақы жүйесіне көшудің себебі неде?1 Кеңестік дәуірден мұра болып қалған зейнетақы тағайындау жүйесі қысқа уақыт ішіндегі соңғы жалақыға негізделетін, бұл еңбек қызметінің бүкіл кезеңіндегі жалақы туралы толық деректерге қол жеткізудің шектеулілігін білдіреді. Еңбек еткен бағзы жылдардағы табысын қалпына келтіру бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырудың неғұрлым күрделі мәселелерінің біреуі болып табылады. Бұл мәселенің қиындығы осы жұмыстың күрделілігі мен ең бастысы, растаушы нақты фактілерді алу мүмкіндігінің болмауымен байланысты. Сондықтан мұндай жағдайларда, мәселені шешудің неғұрлым жеңілдеу жолдарын қолдану жиі ұсынылады. Бұл универсалдық база бойынша (республикалық орташа жалақы немесе “бұрынғы” зейнетақы мөлшерін “кейінгі” зейнетақы мөлшерлерімен салғастыру жолымен) өткен кезеңдерді “несиелеу” нысанында берілуі мүмкін, тбұның да белгілі бір кемшіліктері бар. Мәселе мынада, бұл әдіс бойынша біреулер ұтқанымен, басқа біреулер өз мүдделеріне қысым жасалды деп есептеуі мүмкін. Өткен кезең деректерін қалпына келтіру және оларды тану туралы ереже тағы бір жаңа әділетсіздіктерге жол бермеуінің маңызы зор.
Зейнетақы төлемдері процесінде, зейнетақымен қамсыздандырудың қажетті деңгейі есепке алынуы тиіс, зейнетақыны индекстеу секілді маңызды факторды ескеру қажет. Ең оңтайлы индекстеу қандай болуы керек? Бұған қатысты әртүрлі пікір айлылып жүр. Кейбіреулер зейнетақыларды тұтыну бағаларының деңгейіне қарай индекстеу және олардың нақты құнын осылайша қолдау жеткілікті деп есептейді. Енді біреулер, зейнеткерлердің әл-ауқаты оның нақты табысына ғана емес, бұл табыстардың қоғамда қабылданған өлшемдеріне қатыстылығына да тәуелді деп көрсетеді. Өмір сүру стандарттары жедел өсіп келе жатқан біздің республикамыз үшін бұл мәселе қай кездегіден де өткір болып отыр.
Жоғары айтқанымыздай, әр зейнеткердің өткен уақыттардағы табыстары туралы толық нақты фактілер алу өте қиын. Бұл жағдайда зейнетақы мөлшерін арттыру үшін зейнетақының осы кезеңге қалыптасқан және заңнамамен бекітілген мөлшерлері негіз болуы мүмкін. Бұл ретте “бұрынғы” зейнетақыларды жаңадан тағайындалатын зейнетақыларға жеткізудің мүмкін жолы қалыптасқан зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін индекстеудің сараланған тәсілі болуы ықтимал. Бұндай жағдайда оның мөлшер сәйкестігінің өлшемін ғана назарда ұстап қоймай, қалыптасқан фактілерді де ескеру қажет.