Тақырыптың негізгі сұрақтары: Дін негізгі түсініктер


Мәдени көптүрлілік. Құндылықтар, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар



бет7/12
Дата08.04.2022
өлшемі29,01 Kb.
#30330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
6. Мәдени көптүрлілік. Құндылықтар, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар.

Қоғамның, шығармашылық күштер мен адам қабілетінің, адам өмірінің өзара қатынастары мен өмірді ұйымдастыру түрлері және пішімінде білдірілген, сондай-ақ олар жасаған материалдық және рухани құндылықтар дамуының тарихи белгілі бір деңгейі.


Мәдени құндылықтарға құлықтылық және эстетикалық идеалдар, өзін ұстаудың нормалары мен үлгілері, тілдер, жергілікті тіл ерекшеліктері мен сөйленістер, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, тарихи жер аттары, ауыз әдебиеті, көркемдік кәсіп пен қолөнер, мәдениет пен өнер шығармалары,тарихи-мәдени маңызы зор мәдениет қызметінің ғылыми зерттеу тәсілдері мен нәтижелері, аумақтың тарихи-мәдени қатынасында ғажайып болып табылатын ғимараттар, құрылыстар кіреді.

Мәдени құндылықтар – барлық адамзат тарихының шығармашылық әрекетінің нәтижесі. Қазіргі адамзат мәдени құндылықтарды сақтау қажеттілігін мойындап отыр.Кез келген мемлекеттің мәдени мұрасын сақтау ЮНЕСКО конвенцияларымен, халықаралық құқық нормаларымен реттеледі, өйткені әр елдің ұлттық игілігі әлемдік мұраның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Біздің еліміздің мәдени мұрасы өте бай. Мәдениет тарихы – тек өзгеру үрдісі ғана емес, өткенді сақтап, мәдени құндылықтарды мұра ету үрдісі. Мәдени мұра – ұлттың рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік капиталы. Табиғи байлықтармен қатар бұл әлемдік қауымдастық мойындайтын ұлт қадірінің негізі болып табылады. Мәдени құндылықтардың жоғалуы қазіргі және болашақ ұрпақ өмірлерінің барлық салаларында әсері байқалады, рухани азғырып, тарихи жадының үзіліп, қоғамның кедейленуіне әкеледі. Бұл зардаптар қазіргі заманғы мәдениеттің дамуымен де, жаңа маңызды туындылармен де қалпына келмейді. Мәдени құндылықтарды жинау және сақтау – өркениет дамуының негізі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет