Тақырыптық Оқу- әдістемелік құрал



бет15/17
Дата11.06.2023
өлшемі0,82 Mb.
#100445
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ашық сабақ

Тапсырмалар:
1. Пациенттің жағдайын бастапқы бағалауды жүргізіңіз, пациенттің проблемаларын анықтаңыз.
Тәуелсіз мейірбикелік араласуды жоспарлап, жоспарланған күтімді жүзеге асырыңыз. Ағымды және қорытынды бағалауды өткізіңіз.
2. Асқазанды зондтауға науқасты дайындаңыз және асқазанды зондтау техникасын көрсетіңіз.
3. Медициналық қызметті көрсетіңіз (мейірбикелік манипуляцияны орындаңыз):тері астына инъекция техникасын көрсетіңіз

2 жағдаяттық тапсырма


Асқазан ойық жарасымен ауыратын науқаста "қоңыр кофе" тәрізді құсық болған. Нәжісінің түсі "қара май "түстес,терісі солғын тартқан,әлсіздік,басы айналады,көзі қарауытып,құлағы шуылдайды.
Пальпацияда: іші жұмсақ,ауру сезімі жоқ, "іш жабындысы (пердесі) тітіркену"синдромы жоқ,тілі дымқыл.
Тапсырмалар:
1.Бұл пациенттен қазіргі кезде қандай мәселелерді көріп тұрсыз ?
2.Қандай приоритеттік проблемасын бірінші көңіл аудару керек ?
3.Бұл пациентте қандай потенциялды проблемалар бар?

3 жағдаяттық тапсырма


25 жастағы науқас Л. ауруханаға он екі елі ішектің ойық жарасы диагнозымен түсті.
Шағымдары: Тамақтанудан 3-4 сағаттан кейін, көбінесе түнде, қышқыл кекіру, қыжыл, жүрек айнуы, іш қату, салмақ жоғалту, эпигастрий аймағындағы өткір ауырсынуға шағымданады. Тәбеті сақталған. Ол өзін бір жылдай аурумын деп санайды, бірақ дәрігерлерге хабарласпады. Жұмыс жүйке күйзелісімен байланысты, көп темекі шегеді. Науқас денсаулығының жай-күйіне, жұмыс қабілетінің төмендеуіне алаңдайды.
Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері бозарған, тері асты май талшығы нашар дамыған. Өкпеден және жүрек-тамыр жүйесінен патология жоқ. Тілі ақ және сары түспен қапталған.
Науқас ФГДС зерттеуіне жіберілді.
Тапсырмалар:
1. Науқастың мәселесі бойынша мейіргерлік үрдіс құраңыз
2. Асқазанды зондтауға науқасты дайындаңыз және асқазанды зондтау техникасын көрсетіңіз.
3. Медициналық қызметті көрсетіңіз (мейірбикелік манипуляцияны орындаңыз): тазалау клизмасын қою техникасын көрсетіңіз

4 жағдаяттық тапсырма


Гастроэнтерологиялық бөлімшеде тексерілуде 52 жастағы ер адам жатыр.
Шағымдары: жүрегі айныйды, оң жақ қабырғасының астында ауырлық сезімі болады, кейде белбеуленген сипаттағы ауру сезімі болады.
Диагнозды нақтылау үшін дуоденальды шолғы жасау тағайындалды. Мейіргермен әңгімелескенде науқастың құсық келу рефлексінің жоғары екені анықталды, науқас осы ем шараны жүргізу бойынша мазасызданды. Ол зерттеу үшін өтті басқа жолмен алуға болады ма деп сұрады.
Тапсырмалар:
1. Науқастың проблемасын анықтаңыз.
2. Науқасқа күтім жоспарын құрыңыз.
3. Науқасты зерттеуге дайындаңыз. Құсқан кездегі науқасқа алғашқы көмек көрсету техникасын айтып беріңіз.

5 жағдаяттық тапсырма


Қабылдау бөлімшесіне қатты мас күйдегі науқас жеткізілді. Оны алып келе жатқанда ол құсты. Ауруханаға жатқызудың көрсеткіші өңдеуді және сәйкес бақылауды қажет ететін көптеген жарақаттарының болуы болып табылады.
Объективті тексергенде: науқас каталкада жатыр, сұрақтарға жауап бермейді, тыныс алғанда ішімдіктің иісі шығады, дем алысы үзік-үзік, сырылдағаны естіледі. АҚ-ы 120/70 мм с.б., тамыр соғысы минутына 87 рет.
Тапсырмалар:
1. Науқастың проблемасын анықтаңыз.
2. Науқастың мәселесі бойынша мейіргерлік үрдіс құраңыз
3. Асқазанды зондтауға науқасты дайындаңыз және асқазанды зондтау техникасын көрсетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет