Тақырыптық Оқу- әдістемелік құрал


Мақсаты: сапасыз тағамды, шырышты шығару үшін, емдеу және диагностикалық мақсатта жасалынатын шара. Көрсеткіштері



бет12/17
Дата11.06.2023
өлшемі0,82 Mb.
#100445
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ашық сабақ

Мақсаты: сапасыз тағамды, шырышты шығару үшін, емдеу және диагностикалық мақсатта жасалынатын шара.
Көрсеткіштері: экзогенді улану (сапасыз тамақтар, у, арақ т.б.); эндогенді улану (уремия, бауыр жетіспеушілігі т.б.).
Қарсы көрсеткіштері: өңештің органикалық тарылуы; өңештен, асқазаннан қан кету;
ауыр жалпы жағдайлар (миокард инфарктісі; ми қан айналымының бұзылыстары және т.б.); 60-тан асқан адамдар; жүктіліктің екінші жартысы; асқазан ойық жарасы.
Стандарт




Талаптың мазмұны, шарттары

Іске асыру бойынша талаптар, орындау алгоритмі

1

Персоналдың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын медициналық талаптар



  • Процедураға дейін және кейін қолды

гигиеналық өңдеу

2

Материалдық ресурстар







Медициналық құралдар, аспаптар, бұйымдар

  • Ұзындығы 1-1,5 м жуан асқазан зонды;

  • Ұзындығы 70 см резеңке түтік пен жалғастыруға қажетті шыны түтік ;

  • Жане шприці

  • Ауыз ашушы

  • Фонендоскоп

  • Тонометр




Дәрілік заттар

  • Сұйық вазелин майы немесе глицерин

  • Антисептик

  • Дезинфекциялық ертінді




Өзге де шығындалатын материал

  • Сыйымдылығы 1 л Воронка

  • Сүлгі

  • Пациентке және медициналық қызметкерге арналған клеенкалы алжапқыш

  • Стерильді қолғап

  • Бөлме температурасындағы (18°С-22°С) 10-12 л су

  • Тегене

  • Шөміш

  • Дезинфекцияға арналған Контейнер

  • Стерильді дәке салфеткалар

  • Су термометрі

  • Сабын

  • Сағат

3

Іс – әрекеттер алгоритімі

1. Науқасқа іс-шараның маңызын түсіндір;
2. Қолды жуып, құрғат;
3. Егер науқаста жасанды тістері болса, онда оны алып тастау керектігін ескерт;
4. Өзіңе және науқасқа алжапқыш кигіз;
5. Жуан асқазан зонды мен резеңке түтікті шыны түтіктің көмегімен жалғастыр ;
6. Науқасты орындықтың арқасына сүйеп, басын кішкене алға қарай еңкейтіп, кеудесінен сүлгімен жауып, отырғыз;
7. Зондттың ұзындығын кеңірсектен кіндікке дейін өлшеп алып, белгіле;
8. Зондттың соқыр ұшын оң қолда қаламсап сияқты ұстап тұрып, суға малып алып, науқастың тілінің түбіне қойып, науқастан мұрын арқылы дем алып жұтыңыз деп, жұтылған сайын зондтты белгіге дейін итеріп енгіз;
9. Зондтқа воронканы кигізіп, науқас тізесінен сәл төмендеу көлбеу қалыпта ұстап, су құй;
10. Воронканы жәйлап жоғарыға қарай көтер. Су воронканың мойына дейін келгенде, воронканы түсіріп, ішіне шайынды судың толғанын күт;
11. Воронкаға толған сұйықтықты тегенеге төк.
Шығарған сұйықтықтың мөлшері енгізілген судан кем болмауын қадағалау керек!
12. Воронканы қайта-қайта көтеріп түсіре отырып және шайынды су таза болғанша бірнеше рет қайтала (кейде 10-12 л дейін);
13. Воронканы зондттан ажыратып, зондтты сүлгі арқылы жәйлап шығар;
14. Науқасты бөлмесіне жіберіп, жағдайын қадағала.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет