Тақырыптың өзектілігі негізгі бөлім


Цели иследовательской работы



бет4/12
Дата06.01.2022
өлшемі329,5 Kb.
#13416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Цели иследовательской работы
Рассказать аудиторию об результатах иследование психики поведение детей, играющих в компьютерные игры с примением насилия, о влиянии на их поведение и характер.


The summary
“Never put off till tomorrow what you can do today”
In the last years, the internet has grown dramatically. Some experts are pessimistic about the future. One worry is the activities of cybercriminols. Some specialists see our future in virtual reality – the use of computers with sounds and images that make you feel as it you are in a real situation.
Today, parents are increasingly worried about the safety of their children, and because of this, they are not letting their children out to play. As a result, children loosing themselves in individualistic activities such as television viewing and computer games. Children gossip about TV soup characters, make contact with other children on the internet, and visit friends to admire their new computer games. So, parents must control children viewing.

2.Тақырыптың өзектілігі


Балалармен қарым-қатынасты оқып-үйрену өз алдына үлкен назар аударуды қажет етеді, өйткені зорлық-зомбылық бүгінгі күнгі өмірге тән құбылысқа айналып барады. Зорлық-зомбылық көрсету тәртібі жас ұрпақтың іс-әрекеті мен әлеуметтенуінен көрініп отыр. Қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістерге сәйкес балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен тәртібінің бағыты мен себептері де өзгеруде. Қоғамдық өмірде әлеуметтік факторлар рөлінің күрт көтерілуі жағдайында зорлық -зомбылық пен мейірімсіздікті әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан талдау қажеттілігі ұлғайып отыр.

Зорлық-зомбылықтың және мейірімсіздіктің алдын алу жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстарға сұраныс оларды насихаттайтын әртүрлі әлеуметтік-кәсіби өнімдердің бала тәртібіне ықпалын анықтауды қажет етеді. Ғалымдардың әлеуметтік зерттеулері көрсеткендей, адам баласының биологиялық және басқа да жеке қасиеттерінің зорлық-зомбылық жасауға белгілі бір дәрежеде бейімделіп тұрғанымен, ол отбасылық, мәдени және кейбір сыртқы факторлармен өзара байланыста болады да, зорлық-зомбылыққа соқтыратын жағдай тудырады. Зерттеліп отырған проблеманың өзектілігі өтпелі кезеңдегі нарықтық реформалар мен әлеуметтік-экономикалық трансформацияның балалар мен жасөспірімдердің қаліпті өміріне әртүрлі әсер етуінде. Экономикалық тұрақсыздық отбасындағы қатынасты шиеленістіріп, ондағы келіспеушілік жағдайының өсуіне соқтырып отыр.

Жасы кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылық қатынастардың таралы аумағының кеңеюі түбегейлі шаралар қабылдаудың қажеттілігін талап етуде. Өздерінің дәрменсіздігі мен құқығының сақталмауы себепті зорлық-зомбылықтан, мейірімсіздіктің көптеген түрінен әлемдегі барлық жасы кәмелетке толмаған балалар жәбір көріп, зардап шегуде. Зорлық-зомбылық пен мейірімсіздік Қазақстан үшін де таңсық емес: әрбір елде, түрлі мәдениетте, ағарту салаларында әртүрлі немесе тек сол елге ғана тән зорлық-зомбылық түрлері қалыптасқан және ол елдің табыс көлеміне және этникалық қалпына тәуелді емес.

Балалар мен жасы кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық жасау, мейірімсіздік көрсету, қараусыз қалдыру, қанау және еңбегін пайдалану, адамдарды сату және ата-ана қамқорлығынан ажыратудан қорғау- олардың тіршілік етуге тырысуы, өсуі мен дамуының барлық аспектілері үшін маңызды. Балалар мен жасы кәмелетке толмаған балаларға қандай да болмасын зорлық-зомбылық жасауды еш ақтауға болмайды, балалар мен жасы кәмелетке толмаған балаларға қатысты кез- келген мейірімсіздікті болдырмау қажет.

Бүгінде балалар мен жасы кәмелетке толмаған балаларға қатысты кез- келген зорлық-зомбылықтың белең алуы ашық социумда, мектепте, интернаттық мекемелерде, жасы кәмелетке толмаған балаларға арналған жабық типті мекемелерде, отбасылық- тұрмыстық сферада байқалады. Осы жағдайлар жасы кәмелетке толмаған балалардың адам баласының ең нәзік, қиянатты көп көретін категориясына жататынын көрсетті. Сондықтан бүкіл әлемде балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық пен мейірімсіздік мәселелерінен қорғау басымдықта.

Жасы кәмелетке толмағандардың құқығын 1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлтар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары жөнінде Конституция, 2002 жылғы 8 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының «Балалар құқығы туралы» Заңы және т.б. заңдылықтар қорғайды.

Жоғарыда айтылғандар сондай-ақ жасы кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен мейірімсіздікті насихаттайтын өнімдерге мониторинг және бақылау жасауды зерттеудің көкейкестілігін анықтап отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет