Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: - бастауыш сыныпта оқушылар ұжымын қалыптастырудағы топтық тапсырмаларды пайдалану тәсілдері қарастырылып, теориялық негіздемесі жасалынды;
- топтық тапсырмалар арқылы оқушылар ұжымын қалыптастыру мүмкіндіктері анықталды.
Практикалық базасы: Мәртөк жалпы білім беретін орта мектебі
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – Макаренконың жүйесінде ең негізгі орталық идея, оның бүкіл педагогикалық қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі болып табылады. «Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу болып табылады»,-деп жазды А.С.Макаренко өзінің «Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары» атты мақаласында.
Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенің педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, П.Н.Лепешинский, В.И.Сорока-Росинский, С.Т.Шацкий және т.б өз үлестерін қосты
Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады. Осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Үшінші кезең - белсенді топтың және үжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдың өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдың пікір пайдаланылады.
Оқушылар ұжымына педагогикалық тұрғыдан басшылық жасау - маңызды іс. Мектеп оқушыларын өз бетінше жіберуге болмайды, олардың жеке өмірлік тәжірибелері шектеулі. Сондықтан ұжым қызметін бағыттап, оған жеке адамның қалыптасуына мүмкіндік жасайтын керекті және пайдалы істермен айналасуға көмектесу және оқушылардың дербестігі мен бастамаларын басып тастамай, олардың ісін шеберлікпен бағыттап отыру, ұжымдық қимыл мен жалпы тәжірибелерін жинақтауға көмектесу қажет.
Қорыта келе, сабақта және сыныптан тыс шараларда берілетін топтық тапсырмалар арқылы ұжымды қалыптастыру жолдарын негізге ала отырып, кемелденген ұжым құруға болады.
Алға қойылған мiндеттердi түбегейлi шешу мақсатында бастауыш сынып оқушыларына топтық жұмыс негізінде ұжым қалыптастыру бойынша эксперименттiк жұмыс жүйесi (анықтаушы, қалыптастырушы) жүргiзiлдi. Оқушылар ұжымын қалыптастыру үрдісі оқу процесінде және сыныптан тыс уақытта тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезінде бақылаудан өтті. Ол арнайы жасалған эксперимент жоспары бойынша жүргізіліп, тәжірибелік жұмыс 1-ші сыныпта өткізілді. Мәртөк жалпы білім беретін орта мектебінде тәжірибелік-экспериментке қатысқан сыныптардың 1 А - эксперименттік, 1 Б - бақылау тобы деп аталды.
Эксперимент 2 кезең бойынша жүргізілді: анықтаушы және қалыптастырушы.
Анықтаушы экспериментiнің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының ұжымды, топтық жұмыс деңгейін анықтау болды. Бұл мақсатты жүзеге асыруда оқушыларға тест, бақылау әдiстерi, арнайы тапсырмалар жүйесi қолданылып, олардың ұжымдық, топтық жұмыс жасау деңгейі нақтыланды.
Достарыңызбен бөлісу: |