Тайм-менеджмент


Жұмыс уақытында тек жұмыс істеңіз



Pdf көрінісі
бет17/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103
Жұмыс уақытында тек жұмыс істеңіз
Адамдардың да, құрылғылардың да жұмысы баяулауы мүмкін.
Алайда бір құрылғы өз мүмкіндігінің 10-15%-ын ғана
қолданып 
жұмыс 
істесе, 
оның 
өнімсіздігін 
айтып
шағымданамыз. Ал бұл – көпшілік адамдардың орташа жұмыс
өнімділігі. Мұндай өнімсіздіктің себептері көп болғанымен, ең
алдыңғы қатарда келетін себебі – уақытты «иемдену» сезімі.
Алайда уақыт не бізге жақ болады, не қарсы болады немесе
босқа өтіп кете барады.
Жұмыс уақытын толықтай жұмысқа арнаңыз. Дәл бүгіннен
бастап уақытты босқа өлтіретін, өміріңізге де, мансабыңызға
да титтей де пайдасы тимейтін істерді барынша азайтуға
шешім қабылдаңыз.
Өмірде жетістікке жету үшін ең басты қасиет – алаңдататын
факторлардан бас тартып, бойды барынша аулақ сала білу.


Өзіңіз жауапты болған істе нәтижеге жету жолында зейін
қойып еңбек ету қажет болады.
Сіздің басқа адамдармен бірге өнімді әрі сапалы түрде
жұмыс істей алу қабілетіңіз жетістікке жету үшін ауадай
қажет. Осыны әрдайым есте ұстаған жөн.
Күнделікті сіздің айналаңызда уақытыңызды ұрлап, жұмыс
өнімділігіңізді төмендететін адамдар мен жағдайлар көптеп
кездесуі мүмкін. Болаттай беріктік пен өзіндік тәртіп қана
адамның өзін қорғап қалуға септігін тигізеді.
Сізді алаңдататын ықпалдардан арылу үшін өз-өзіңізге жұмыс
уақытының 
тек 
жұмысқа 
арналғандығын 
еске 
салып
отыруыңыз қажет. Жетіктікке жетудің ең басты ережесі:
жұмыс уақыты толықтай жұмысқа арналуы тиіс. Жұмыс
орнына жеткенде желаяқ жүгірушінің жарысты бастағанындай
бірден жұмысқа кірісіп кетіңіз. Жұмыс уақыты үшін өзіңізге
арнайы ережелер бекітіп қойыңыз. Күніңізді электронды
хабарламаларды тексерумен бастамаңыз. Оған арнайы уақыт
арнаңыз. Күнделікті екі рет белгіленген сағаттарда тексерсеңіз
де жетеді. Басқа уақытта ондай электронды қосымшалардың
барлығын назардан тыс, өшірулі күйде ұстаңыз. Электронды
пошта, смс, Whatsаpp секілді байланыс қосымшаларын жылдам
әрі тиімді пайдаланып, одан соң бірден жұмысқа оралуды
үйреніңіз. Ал әлеуметтік желіге мүлде кірмеуге тырысыңыз.
Хабарламалар келіп жатқан күннің өзінде оларды ескертуші
дыбыстарды өшіріп қойыңыз. Сіз ол дыбысты естіген сайын
қаныңызға сізді жұмыстан алаңдататын әрі өнімділігіңізді
төмендететін дофамин гормоны бөлінетінін біліңіз. Жеке
кездесулер мен жиналыстарды қысқа уақыттың ішінде
барынша ауқымды нәтиже алатындай етіп жоспарлаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет