мен кемшіліктен пәк абыройына бас иіп, рукуғқа барады. Бас
иген күйі өзінің де, ғаламның да тым қауқарсыз, әлсіз,
әлжуаз, дәрменсіз, бейшара, пақырлығын мойындап, «Уа, Ұлы
Раббым! Сен неткен пәксің!» деп ұлы Жаратушыны пәктеп,
оған мадақ айтады.
Бір
жағы,
өткінші
емес,
жалған-фәниліктен
пәк
Жаратушының жамалы мен көркемдігіне, еш өзгермейтін
қасиетті сипаттарына, бұзылуға ұшырамайтын сонау ежелден
келе жатқан басталуы жоқ әзали кемелдігінің алдында сәждеге
жығылады. Сәждеге бас қоя отырып, таңданысы мен бой
ұсынушылығы шеңберінде Алладан басқаның бәрін тәрк етіп,
сүйіспеншілігі мен құлшылығын паш етеді. Артынша тізе бүгіп
тізерлей отырған күйі күллі жаратылысқа тән таза, табиғи,
пәк, көркем ғибадат, дұға-тілек атаулыны (Миғраж кезінде
Мұхаммед пайғамбарымыздың жасағанындай) Алла Тағалаға
сый ретінде тарту етеді. Пайғамбарымызға сәлем жолдау
арқылы оған деген сертін жаңалайды, артынан ерген үмбеті
ретінде барша үкімдер мен әмірлерге бойсұнғандығын
білдіреді. Иманын нұрға малып, тағы бір рет жаңалау үшін
мына ғалам сарайының сырлы жүйесін тамашалап, Алла
Тағаланың жалғыз екендігіне куәлік етеді. Иләһи салтанаттың
хабаршысы, иләһи талап-тілекті жеткізуші қызметкер, ғалам
кітабындағы
аяттардың
тілмашы
Мұхаммедтің
(с.а.с.)
пайғамбарлығына куәлік етеді. Осылайша кешкі намазын
тамамдайды.
Дәл осындай терең хал-ахуалды бастан кеше отырып ақшам
намазын оқу қандай ұнамды, қандай кіршіксіз міндет,
қаншалықты абыройлы, ләззатты қызмет, не деген көркем
құлшылық,
неткен
шынайы
ақиқат?!
Бұл
фәни
керуенсарайдағы қандай ғажап мәңгілік сұхбат әрі не деген
қол жетпес бақыт десеңізші?! Бұны түсінбеген жан қалайша
өзін адаммын деп айта алмақ?!
Достарыңызбен бөлісу: