Такт латынша tactus



Дата19.11.2022
өлшемі17,04 Kb.
#51210

08.11.2022ж
Тапсырма:



  1. Педагогикалық әдеп түптеп келгенде педагогикалық тактика болып табылады. Бұдан былай біз бұл екі терминді де қолданамыз. Оларды белгілейтін сөздердің шығу тегі түрлі болғанымен мазмұн ортақтығы мол:

    • такт латынша tactus – “жанасу, түйсіну” дегеннен,

    • ал тактика – грекше taktike – “тәртіпке келтіру” деген сөзден шыққан.

Педагогтық тактика. Ол мұғалімде оқушыға әсер теудің жағдайға қарай орағытуға болатын әр түрлі құралдарының мол қоры болуын ескереді. Онда бір сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым қимылдардың жинақталған шоғыры, тұрақты сөз нұсқаларының, мәтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ. Бірқатар артистік қимыл қозғалыстар және шешендік тәсілдер қоры болуы тиіс.

  1. Педагогтың этикасы. Педагогикалық әдеп -мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге болады.

Педагогикалық әдепке анықтама беру үш түрлі көзқарасқа негізделеді.
- Оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілігін сіңіру;
- Мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;
- Мұғалім шеберлігінің бір бөлігі;
Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, мұғалімдер арасында басталып, өзінің заңды жалғасын сыныптарда табуы тиіс.

  1. Оқушылар мұғалімнің қандай сапаларын ерекше бағалайды?

- Өз ісінің маманы
- Шығармашыл
- Жаңашыл
- Адамгершілігі мол
- Бағыттаушы
- Тез шешім қабылдай алады.
4) Мұғалімнің сырт келбетіне жатады: киінуі, жүріс тұрысы, дене бітіміне және сырт келбетіне ұқыптылықпен қарауы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет