Менікі. - Ауыр ма? - Жеңіл. Практикасы: «ҚОЛДАНУ» қарапайым үлгідегі тапсырмалары орындалады. Мына сөйлемді толымды сөйлемге айналдыр, сөйлемдерді
құрылысына қарай талдап, ерекшелігіне тоқтал.
Оңаша қоштасты. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.
Талдау үлгісі: қоштасты – етістіктен болған баяндауыш;
Абай – атау тұлғалы зат есім;
Ділдәмен – зат есімнен болған толықтауыш;
Оңаша – үстеуден болған пысықтауыш.
Теориясы: «ТҮСІНУ» Неліктен? Себебі? He үшін? Неге? т.с.с.сұрақтар
оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол
тақырыпты тереңірек меңгереді.
1.
Жай сөйлемдер неліктен толымды, толымсыз болып екіге
бөлінеді?
Себебі:
а) Толымды сөйлемде ойды жеткізуде айтушыға керекті сөйлем
мүшелері түгел қатысады. Мысалы: Ол кешке дейін барлық жұмысын түгел аяқтады. ә) Толымсыз сөйлемде ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі
түсіп қалады. Мысалы: Шараны сайладьқ. 2.
Диалогта неге толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз?
Себебі: Екі не бірнеше адамның сөйлесуі кезінде ойға
қатысты сөйлемдерді қайталап айта бермеу үшін, ол сөздердің
алдыңғы сөйлемде айтылғандығына байланысты жиі
қолданамыз.
Теориясы: «ТАЛДАУ» 1. Салыстыр. 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4. Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу
керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға
болады. Мысалы, жаттығудағы берілген мәтіннен бір шешендік сөзді алып,
сөйлемдерін толымсыз сөйлемге айналдыр.
Үлгі: Үргеніш шешені: - Сөз анасы не? - Су анасы не? - Жол анасы не? - деп сұрайды. Сонда Сырым батыр:
- Сөз анасы– құлақ, - Су анасы - бұлақ, - Жол анасы - тұяқ! - деп жауап береді. Толымсыз сөйлем: Үргеніш шешені: Сөздің, судың, жолдың анасы не? – деп сұрайды. Сырым батыр: Сөздікі – құлақ, судікі – бұлақ, жолдікі – тұяқ! –
деп жауап береді.
1.
Шешендік сөздің көркемдігіне нұқсан келе ме, жоқ па? Себебін
айт.
Толымды сөйлемді толымсыз сөйлемге айналдырғанда, шешендік
сөздің көркемдік нұсқасына нұқсан келеді. Ссбебі: ырғақ, ұйқас
өзгереді.