Оқушыларға кезекпен кез келген сұрақ қоюға рұқсат
етіледі. Бірақ жауап беруші тікелей ол сұраққа жауап бермейді.
Мысалы:
«Сағат неше болғанын айтып жібере аласыз ба?» -
«Рақмет, мен түстеніп алғанмын»
«Марста тіршілік бар деп ойлайсың ба?» - «Маған
ертегі оқығанды ұнатамын»
Сұрақтарды бүгінгі өтілген материалды еске
түсіруге арнап құрастырғызуға да болады.
«Өзгертулерді тап!»
Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай
тапсырмалар беріледі:
Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15
секундтай қарап алыңыздар.
Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп
тұрыңыздар. Сыртқы пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға) қандай да
болмасын 3 өзгерту (немесе 5-те болады) енгізіңіз.
Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы
киімін, сағат,сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы
пішіндерін өзгертулері керек.
Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге
қараңыздар да, сол өзгертулерді табыңыздар.
«Өзін-өзі бағалау»
Өзін-өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды
білдірсе, өзін-өзі бағалау дегеніміз - біз
оқып жатқан нәрсе.
Балаларды өзін-өзі талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтарды
қойыңыз:
• Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз
• Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын
болып көрінді?
• Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?
• Сіз не үшін разысыз?
• Сіз Х туралы не білдіңіз?
• Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне
сәйкестендіру үшін қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға
өзі-өзіне қалай талдау жүргізу қажеттілігін көрсету үшін
жауаптарды модельдейді.
Достарыңызбен бөлісу: