Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



Pdf көрінісі
бет71/77
Дата18.07.2022
өлшемі1,41 Mb.
#37734
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77
Байланысты:
249 әдіс тәсіл pdf

 
 «3+2+1» 
Ұнаған 3 кезең, ұнаған 2 сұрақ, келесі сабаққа 1 ұсыныс беру 
тапсырмасын орындайды. 
«Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы»
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Мәтінді әр оқушыға жеке оқу. 
2-қадам: Оқу үрдісінде қаңқаның басына мәтін қарастырылатын 
проблема белгіленеді. 
3-қадам: Жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі 
белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті 
нақтылайтын дәйектер жазылады. 
4-қадам: Балықтың «құйрығына» қорытынды жазылады. 
5-қадам: Жұпта, топта жұмысты талқылау. 
6-қадам: Топ жұмысын аудиторияда презентациялау. 
Себептері 
Себептері 
«Хат жазысу» 
Шәкірт пен ұстаз арасында терең байланыс орнатуға
түсіністікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Баланың креативті-
шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. Сабақ кезінде еркіндік пен 
сенім артқан хаттар тақырып аясында қалып қойып отырады, ал 
сабақтан тыс уақытта жазылған хаттар шәкірт көңіліндегі алаңдататын 
сұрақтар мен сабақ кезінде ашылмаған ойларды қамтиды. 
Қарапайым қарым-қатынас хаттары уақыт өте келе мәнді де 
маңызды, сауатты пікір жазбалары ретінде қарастырылуы қамтылады. 
Сонымен қатар, мұндай хаттар – ұстаз тарапынан ой салу, бағдар беру, 
шәкірт тарапынан жарқын ойлар мен еркін пікірлерді тізетін «идеялар 
аралы» болып табылады.
«X және Y» 
Оқушылардан неліктен X Y-тің үлгісі болатынын сұраңыз
мысалы, неліктен алма жемістің үлгісі болып табылады? Неліктен 
түлкі сүт қоректілердің үлгісі болып табылады? 
Осылай құрылған сауал фактілердің қайталануын болдырмай, 
нақты ойлануға жетелейді. 
«Чемодандар» 
Тақтаға чемоданның суреті ілінеді. Әр оқушыдан кезекпен 
өзімен бірге бүгінгі сабақтан қандай білім, білік, дағдыны алып кеткісі 
келетінін айтуларын сұрайды. Бұл сабақты қорытындылауға жақсы 
көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет