Талдықорған қаласының №1 «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» кмм 2022 жылға арналған жұмыс жоспары Кіріспе



бет1/2
Дата09.05.2022
өлшемі23,2 Kb.
#33574
  1   2
Байланысты:
жылдық жоспар 2022




Талдықорған қаласының № 1 «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ

2022 жылға арналған жұмыс жоспары
Кіріспе: Талдықорған қаласының №1Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіне туғаннан 18 жасқа дейінгі психикалық дамуы тежелген, сөйлеу тілі кешеуілдеген, ақыл-ойы кем, балалар церебральді параличінің әр түрлі деңгейі балалар, есту қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілінің түрлі бұзылыстары бар, аутизм, даун синдромы бар балаларға түзете-дамыту көмегі көрсетіледі. ППКК-нің базисті білім беру үрдісі оқу жоспарына сәйкес, яғни дамуында ауытқуы бар әр түрлі категориядағы балаларға қажетті түзету жұмысының түрлеріне, апталық сабақ санына және жас ерекшелігіне сәйкес сабақ ұзақтығына байланысты ұйымдастырылады. Коррекциялық кабинетінде түзету-дамыту жұмысы жеке оқыту, топтық оқыту және консультация көмек беру түрінде жүргізіледі.

Мәселе:ППТК-не тіркелген балаларды үнемі жан-жақты зерттей отырып, жеке дамыту бағдарламасының сапасын арттыру және түзете-оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы нәтижелерге жету.

Мақсаты:

  1. ППКК мемлекеттік қызмет көрсету сапасын артыру.

  2. ППКК мамандарының түзету жұмыстарында неғұрлым тиімді әдістерді таңдау арқылы  нәтижелі  білімге қол жеткізу;

  3. Арнайы оқытуды қажет ететін балалардың қабілеттері мен   мүмкіндіктеріне қарай олардың одан әрі дамуы мен қаблеттерін   іске асыруына жағдай жасау;

  4. Озық ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін  түзету сабақ өту процесінде қолдану;

  5. Ұжымда шығармашылық ахуал тудырып, педагогтар тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануларын арттыру;

  6. Түзете-оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдана білетін мамандардың біліктілігін арттыру, кәсіптік шеберлігін көтеру.


Міндеттері:

  • Мамандардың педагогикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіру.

  • Жаңашыл педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, тарату.

  • Баланың даму қалпын ескере отырып, «қадамдылық» бағытта оқыту үрдісін жүргізі.

  • Жеке және топтық сабақтардың әдістемелік тұрғыда өтуін бақылау.

  • жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының маңыздылығын арттыру.

  • Арнайы оқытуды қажет ететін балалардың түзету сабақтарының сапасын арттыру;

  • Ата-аналармен тығыз байланыста болу.

  • Жеке жұмыс негізінде оқушылармен жайлы білім беру ортасын құру.

  • Арнайы оқытуды қажет ететін балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, әлеуметтендіру, сөздік және қарым-қатынастық белсенділігін ынталандыру.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет