Талғат СҮлтангереев әдептілік әдемілік



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата12.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#3965
1   2   3

М¥СЫЛМАН ӘДЕПТЕРІ

Кеңес үкіметінің дінсіздік құрсауынан әзер  құтылып 

шыққан  қандастарымыздың  көбісі  құбылаларын  енді 

тауып,  имандылыққа  бет бұруда.  Біздің халқымыз  он 

екі  ғасырдан  астам  бұрын  қабылдаған  Ислам  дінін 

ғылым  мен  білімнің,  еркениеттіліктің  сарқылмас 

кәусар бұлағы екенін бүгінгі күні бүкіл әлем  мойындап 

отыр.  Сондықган  ислам  діні  ақ  тілеулі.таза  жүректі 

адамзат  атаулының енегелі  өмір  сүру  ережесі  екенін 

есте ұстау қажет.  Иман байлығы ақылын пайдаланған 

адамдарға ғана нәсіп болатынын ұмытпайық.

Алла  тағапа  адам  мінез-құлқының  тахуа  болуын, 

көркем болуын яғни әдепті болуын бұйырды.

Қазіргі  жиі  пайдаланып  жүрген  «мәдениет»  деген 

сөздің  өзі  -   Ислам  діні  қалыптастырған  термин. 

Мұсылмандардың  алғашқы  астанасы  мәдиналықтар 

адамдық  қасиеттердің  асқан  үлгісін  көрсете  білген. 

Сырттан  қараған  ел  «мәдиналықтардай  болсақ 

екен»-деген  ниеттен бүгінгі  «мәдениет»деген термин 

дүниеге  келгенін  және  оның  шын  мағынасын  білу 

заманауй  азаматтар  үшін  қасиетті  қажеттілік  деп 

түсінуіміз жөн.

Қазақ  қашан  да  салт-дәстүрін,  тілін,  дінін,  ділін 

таза  ұстауға  тырысқан  халық.  Салт  пен  дін 

сабақтастығы  ықылым  заманнан  бері  келе  жатқан 

үрдіс.  Қазақта  қонақ  құрметтеу,  алыстан  келген 

мейманға  арнайы  «қонақасы»  беру  деген  жоралғы 

болған.  . Шат-шадыман,  бейбіт  күндері  берілетін 

меймандық  дастархан  «қонақасы»  деген  атпен 

байырдан бар.

Бірақ бүгінде сол «қонақасы» деген баламаны қаза 

болған  жерде  қолдану  кездесіп  жатады.  Қазақтың  ең 

жаман  қарғыстарының  бірі  «қазаның  төңкеріліп 

қалғыр»  деген  сез.  Ертеде  «қаза  болған  үйде  тамақ 

асылмай,  қазандарын  төңкеріп  қоятын  болған» 

дегенді естуші едік.  Қазір  кәрі өлсе де, дүниеден жас

31


адам қайтса да  жерлемей жатып  «қонақасы» дегенді 

жасайтын 

болды. 

«Қонақасыға» 



басқа 

елді 


мекендерден  келгендер  де,  жергілікті  адамдар  да 

шақырылып,  дастархан  жайылады.  Кейбіреулер 

«қонақасында»  бастықтар  отыратын  және  жалпы 

халық отыратын дастарханды бөлек жасайтын болып 

жүр. Қаза  кезінде қандай қонақ, қандай бастық болуы 

мүмкін?!


Бұл  айтып  отырғанымыз  ділімізге  келеңсіздеу 

көлеңке түсіретін  мысапдардың бірі ғана.

Діңгегі  берік  дініміздің  сынын  кетірмеуге  үлесін 

қосар  деген  үмітпен  бір  топ  ережелерді  үсынғалы 

отырмыз.

МЕШІТКЕ БАРУ  0^5»

Мұсылмандардың  Аллаға  құлшылық  етіп  намаз 

оқитын  қасиетті  жері  -   мешіт.  Мешітке  келуге  ниет 

еткен  адамның  біріншіден,  жан  -   тән  және  дене 

тазалығының,  бой  дәретінің  болуы  шарт.  Әйелдер 

бастарына орамал байлап, әурет жерлерін  көрсетпей 

етек  жеңі  ұзын  киім  киіп  келулері  керек.  Мешітке 

кірген  адам  «Ассапаумағалейкум»  деп  оң  аяқпен 

кіреді,  шығарда сол  аяқпен  шығады.  Мешітке кірерде 

аяқ  киім  шешіледі,  бас  киім  шешілмейді.  Аяқ 

киімдерді  шешкенде  сол  аяқтан,  кигенде  оң  аяқтан 

бастайды.

Бой  дәреті  жоқ  адам,  етек  кірі  келіп  жүрген  әйел 

(қыз)  мешітке  кірмейді.  Мешіт  маңына,  мешіт  ішіне 

түкіру  күнә  болады. 

Мұқтаж  жағдайда  түкірсең, 

түкірікті 

көміп 

тастайды 



немесе 

басқаларға 

көрінбетіндей етіп амал жасайды.

Доскелді  қажы  Қожатайұлы  «Мешіт  әдеттері  мен 

Хүтпала»  кітабында  Хазірет  Фақия  Әбу  Лайс 

Самарқанди  Рахматулла  мешіт  әдептеріне  15  түрлі 

нәрсені жатқызған дейді:

32


1.  Бір  кісі  мешітке  кірсе,  онда  қауым  жамағат 

отырса,  сәлем  беру.  Егер  мешітте  ешкім  болмаса 

немесе  намаз  оқып  жатса,  онда  мешітке  кіруші 

«Әссаләму  ғалайна  уа  ғала  ғибадиллаһис  салихин» 

деп айтуы керек.

2.  Мешітке  кірген  кісі  отырмастан  бүрын  2  рәкәт 

мешіт ақы намазын оқуы керек.

3.  Мешіттен  бір  нәрсе  сатып  алмайды  немесе 

сатпайды, яғни мешіт сауда жасайтын жер емес.

4.  Мешітте  қылышты  қынынан  шығармау  керек, 

яғни қаруларды керсетпеу керек.

5.  Мешітте  жоғалған  нәрсені  жар  салып  іздемеу 

керек.

6. Мешітте қатты дауыс шығарып сөйлемейді.



7. Мешітте дүние ғайбат сөздерін  айтпайды.

8.  Намаз  оқып,  сәждеге  барған  адамның  басынан 

аттамау.

9. Орынға ренжісіп таласпау.

10.  Сапқа  түрғанда  өте  тығыз  түрып,  біреуге 

кедергі етпеу.

11. Намаз оқып жатқан адамның алдынан өтпеу.

12. Мешітте түкірмеу және ластамау.

13. Мешітте саусақгарды шықырлатпау.

14.  Мешітті  таза  ұстау,  еа  дұрыс  емес  мажнүн 

адамды  немесе  есі  кірмеген  сәби  баланы  мешітке 

кіргізбеу. (Мешіт ішін нәжіспен былғап қоймас үшін).

15. Мешітте Аллаға мадақ зікірді көп айту.

Шығыстың дана  перзенттері  Абдурахман  Жәмий,

Әлішер  Науаилермен  замандас болған Хусаин  Уағыз 

Кашифий  деген  ғұлама  ғалым  болған.  Ол  кептеген 

ғылымдарды 

меңгерген 

және 

кептеген 



шығармапарын  ұрпақтарына мирас еткен.

Теменгі  қағидапардың  кебісі 

осы  ғалымның 

«Ахпоқи  Мүхсини»  атты  шығармасын  негіз  қылып 

алынғалы отыр.

33


СӘЛЕМДЕСУ

Пайғамбардың  сүннеті  бойынша  кездесіп  қапған 

мүсылмандар бір- бірімен сәлемдесу парыз.

•  Кіші  адам  үлкенге  «ассалаумалейкум»  -  десе 

«уағапейкум ассалам» деп жауап беру парыз.  Салем 

беру -  сүннет, жауап қайтару -  парыз.

•  Кішілер  үлкенге,  жалғыз  адам  жамиғат  болып 

тұрғандарға  (кепшілікке),  аттылы  жаяуға  сәлем 

береді.

•  Сәлем  беруші  ашық - жарқын,  естілетіндей  етіп 



сәлемдеседі.

• Тамақ ішіп отырған адаммен сәлемдескенде қол 

алыспау керек.

• Адам болса да, болмаса да жамиғат жайларына, 

қабырстанға 

барғанда, 

бір 

үйге 


кіргенде 

«Ассалаумалейкум» деп сәлем береді.

• Үйықтап жатқан кезде, дүға оқып отырғанда, азан 

айтып түрғанда, намаз үстінде, зікір айтып отырғанда, 

Құран  оқып  отырғанда,  бата  үстінде,  моншада, 

әжетханада, дәрет үстінде сәлемдеспейді.



0 ^ 5

  ҚАБІРЫСТАНҒА (ЗИРАТҚА) 

БАРҒАНДАО^)

• Қабір тұсынан жүгіріп өтпейді.

• Әруақгарға дұға оқымай кетуге болмайды.

•  Қабірыстанға  барғанда  жерленгендерге  құрмет 

ретінде «ассалаумалейкум» деп сәлем беру -  сүннет.

•  Зират  басында  қатты  дауыстап  сөйлеуге,  оқыс, 

жағымсыз. 

қимылдар 

жасауға, 

темекі 


шегуге 

болмайды.

• Марқұмдарды жақсы сөзбен еске аламыз.

• Дүниеуй ғайбат сездерді сейлемейміз.

• Жерге түкірмеңіз, ластамаңыз.

• Қабірлерді баспай, айналып өтіңіз.

•  Молаға саусағыңызды шошайтпаңыз.

34


•  Қабірыстанға жақындағанда  көліктен  түсіп,  жаяу 

барған жөн.

ҚОНАҚ ТУРАЛЫ

•  Үйге  мейман  шақырғанда,  одан  пайда  табу 

секілді ішкі есебіңіз болмасын.

• Оған ашық-жарқын дидар керсетіңіз.

•  

Шақырылмаған 



қонақ 

келіп 


қалса, 

қарсылығыңызды сездірмеңіз.

•   Кенеттен  келіп  қапған  қонаққа  оң  ықылас 

көрсетіңіз.

•  Мейманның  алғыс-құрметін  күтіп  тұрмай,  оның 

келгені үшін өз ризалығыңызды білдіріңіз.

•   Екі  үйге  бір  уақытқа  қонаққа  шақырса,  өзіңізге 

жақын орналасқан үйге барыңыз.

АТА-АНАМЕН  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



•Ата-анаңа  әдеппен  сейле,  құрметпен  қара, 

айтқанын сөзсіз орында және оларды әулие тұт.

•  Олар үшін бар дүние-байлықты аяма.

•   Ата-анаға  олардың  бұйрығын,  тапсырмасын 

жақсы атқарғаныңды еш уақытта міндет қылма.

•  Оларға қиындық тудырма.

•  Ата-анаңның  бірінші  шақыруымен-ақ  алдына 

жетіп бар.

•  

Ата-анамен 



әңгімелескенде 

бет-жүзіңді 

бүрістірме, ашуланба.

•  Ата-анаңның бар қалауын орында.

• Ата-анамен сөйлескенде дауыс көтерме.

•  Ата-анаңның  рұқсатынсыз  саяхатқа  барма.

•  Ата-анаңды қуандыруға тырыс.

•   Әкең  мен  анаң  қатар  шақырса-  анаңа  бірінші

бар.

35


КӨШЕДЕ

Әрбір  адам  көшеде  жүруге  мәжбүр.  Адамдар 

көшеде  жүріп  түруына  қарап,  басқалар  оның  қандай 

тәрбие  алғанын  кереді.  Осы  орайда 

темендегі 

талаптарды еске апған жөн:

• Көшеде жалаңаяқ жүрме.

• Қатты қадам  тастап жүруге тырыспа.

• Біреуді алыстан айғайлап шақырма.

• Жолда адамдармен  итерісіп,  тығылысып жүрме, 

басқалардың жолын бөгеме.

•  Тыныштықты  бүзба,  бақырып  өлең  айтпа, 

айқайлап сейлеспе.

• Жерде қыбырлаған тірі жәндіктерді езіп жібермес 

үшін абайлап қадам бас.

• Көгалды баспа.

КӨРШІЛЕРЖАЙЫНДА

«Керші  ақысы  -   тәңір  хақысы»  дейді  халық.  О 

дүниеде «кершіңмен қандай болдың?» - деп сүрайды 

екен дегенді үлкендерден жиі еститінбіз.  Олай болса 

көршілермен 

жақсы 


қарым-қатынаста 

болудың 


ерекшеліктерін есте сақтаңыз:

• Кершілерің туралы езгелерге шағым сез айтпа.

•  Егер  кершілерің  кәріп  жандар  болса  шамаң 

келгенше кемектес.

• Егер олар бір  нәрсе сұраса, ризалықпен беліс.

•  Су,  туз,  отынды  еш  ойланбай  көршілермен 

бөлісіп пайдалан.

• Керші балалар үшін тәрбиелеуші үстаз бол.

•  Қайғылы  және  қуанышты  күндері  кершілеріңнің 

қасында бол.

36


О ^ )   НАУҚАСТЫҢ КӨҢІЛІН 

С¥РАУ ЖӨНІНДЕ

•  Қараңғы түскенде көңілін сұрап барма.

•   Науқастың  алдына  кіргенде  күлме,  жылама  -  

екеуі де рауа емес.

•  Кеңілін  сұрай  барғанда  көп  сөйлеп,  науқасты 

шаршатпа, көп отырып қалма.

•   Науқастың  қай  жеріне  болмасын  қол  тигізбеген 

абзал.

•  Науқаспен мейірман жанашырлықпен сөйлес.



СӨЙЛЕСУ ӘДЕБІ  О ^ )

•   Құдайға,  пайғамбарға,  әруаққа  халыққа  тіл 

тигізбе.

•  Орынсыз сөйлеме.

•  Сыпайылықпен жұмсақ сөйле.

•   Ашық-жарқын  дидармен  сейле,  бет-ауызды 

тыржитпа.

•  Тыңдаушыны жалықтырма.

•  Тек пайдалы әңгімені айт.

•  Ойланып, абайлап сөйле.

•  Кісілер  сөйлесіп  тұрғанда  арасына  сез  қоспа, 

сөзді белме.

•  Көп сөйлеме.

ТАМАҚІШУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

•   Ортақ  ыдыстағы  тамақтың  тек  өз  алдыңдағыны 

же.


•  Басқалардың ауқат жеуіне назар салма.

• Табақтың шетінен же.

• Тағамды үш бармақпен ұста.

• Қол ұшын тез-тез тазалап тұр.

• Ауқатты ақырына дейін же.

•  Тамақтану кезінде еш нәрсеге сүйенбей отыр.

37


•  Түсіп  кеткен  тағамды  жерден  тез  көтеріп  алу 

керек.


• Ауқаттан соң қолды тазалап жуу қажет.

•   Дастархан  қайрылмай  (бата  берілмей)  тұрып 

кетуге болмайды.

•  Көшеде түрегеп  тұрып  немесе жүріп  келе жатып 

тамақ ішпейді.

• Ауқаттың кезінде басты қасыма.

•  Мүрныңды тартпа.

• Сілекейіңді ағызба.

•  Ауқатты шайнап түрып сөйлеме.

•  Майда-майда бөліктерге бөліп же.

• Жақсы шайна, қомағай болма.

О Л )   ҚАЙҒЫ,  ҚАЗА ТУРАЛЫ  0 ^ 6



  Қайғылы  хабарды  әдейі  адамдар  арқылы 

естіртеді.

• 

Қайғылы 



жерде 

әңгімелесіп 

отырмайды, 

күлмейді,  әзілдеспейді,  жарқын  сөйлеспейді,  қатты 

жүрмейді.

• Жаназа оқылып жатқан жерден айналып кетпе.

•  Қазалы сапардың жолын кеспе.

•  Қүран  оқылып  жатқанда  әйел  қауымы  шашын 

көрсептпейді, ер адамдар жалаңбас отырмайды.

•  


Қүран  оқылып  жатқанда  түрегеп  тұруға 

болмайды,  үн  шығармайды,  жүрмейді,  қозғалмайды, 

сөйлемейді, сәлемдеспейді.

• Әйел адам дұғаны ішінен оқиды.

38


ХАЛЫҚ  М¥РАСЫ -  АПТЫН 

ҚАЗЫНА

Қазақ  халқының  рухани  дүниесінде  мол  орын 

алатын  тәрбие  құралдарының  ішінде  атам  заманнан 

жылдан  -   жылға  қомақгана,  сулулана  сурыпталып, 

сары  майдай  сақгалып  бүгінгі  күнге  дейін  маңызын 

жоймаған алтын сандық фольклоры бар.

Соның  ішінде  саф  алтындай  асылдығы,  қалт 

жібермес  қаталдығы,  мір  оғындай  еткірліл  дау 

тудырмас  даналығы,  тапантты  тапқырлығы  мол 

мақап  мәтелдер, тәлім сездер тыйым  сөздер,  тағлым 

сездер  бүгінгі  ұрпаққа  да  алтын  мүра  болатыны 

даусыз.  Бүл  мүра  -   үлкенді-кішіні  жаман  әдет,  теріс 

пиғыл,  жараспас  қылық,  жат  мінездерден  аулақ 

болуға баулиды.

Мундай  тәрбиелі  сөздер  мен  мақал-мәтел  ел 

ішінде  ете  көп  тарағандықган  бәрін  бірдей  қамту 

мүмкін  емес.  Сондықган  әдеп  тақырыбына  лайықты 

дегендерінің топтамаларын усынып отырмыз.

ӘДЕПКЕ  ҚАТЫСТЫ 

ХАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ,

ЫРЫМДАР,  ТЫЙЫМ СӨЗДЕР

•  Қуранды, тамақты баспа.

•  Нанды жерге тастама,үстіне басқа зат қойма.

•  Кітапты аяқасты тастамайды.

•  Беркіңді теріс киме.

•   Қудыққа  түкірме,  ыдысқа  түкірме,  жоғары  қарай 

түкірме.

•   Асқа  мурын  шүйірмейді,  дастарханға  қойған 

піскен асты искемейді.

•  Тырнақ апған соң көрінетін жерге тастама (көміп 

таста).

•  Бас киімді лақтырма.



39

• Үйге жүгіріп кірме.

• Қыз баланы, бапа қызды  теуіп ойнамайды.

• Үлкендердің жолын кесіп өтпе.

• Жатқан мапды үркітпе.

• Саусақтарыңды сықырлатпа.

• Біреудің әйеліне тесіле қарама.

• Кісі мініне, кемтарға күлме.

• Бейітке қарап түзге отырма.

• Адамға пышақ, мылтық кезенбе.

• Үйде ысқырма.

• Ауылға шауып келме.

• Ата-анаңа қарсы келме.

• Тамақгы сораптап ішпе.

• Дініңді сатпа, үлтыңды сатпа, арыңды сатпа.

•  Тіліңді шайнама, тіліңді шығарма, тістенбе.

•  


Саусағыңды 

аузыңа 


салма.

•  Кісі үйінде түрегеп түрма.

•  Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.

• Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.

•  Үлкеннен бұрын сейлеме.

•  Үлкеннен бұрын отырма.

•  Үлкеннің бетінен алма.

• Рұқсатсыз үйге кірме.

• Жұрт көзінше кекірме, қасынба.

• Жұрт алдында құлағыңды, мұрныңды шұқыма.

• Адамға қарап тоңқайма.

• Кісіге қарап керілме.

• Мақганшақ, тәкәппар болма.

• Әйелге күш көрсетпе.

• Асты қорлама.

• Кісі төсегіне отырма.

• Ерніңді шығарма.

• Орындықта аяғыңды айқастырып отырма.

•  Тырнағыңды тістеме.

•  Үйге кісі келсе орнынан тұрып жайдары қарсы ал, 

киімін іл, төрге шығар.

•  Адамға күш қолданба.

• Тамақ жеп отырып сөйлеме.

40


•  Егін ішінде дәретке отырма.

•  Дастархан үстінде әдемі отыр, әдепті сейле.

•  Дініңе сеніммен,  қурметпен  қара.

•   Қанша  ұлы адам болсаң да халық алдында кіші, 



I  әдепті бол.

•  Достыққа берік, адал бол.

•   Біреуді  жамандама,  өзіңді  жамандаған  адаммен 

I  дауласпа, жауласпа.

•   Қуанышта,  қиындықта,  қайғыда.ашуда  ұстамды 

I  бол.


•   Шаруашылықтың  басы  -   қасында  жүрген 

I  адамдарға  жолыққанда  мал  айдап  бара жатқандарға 

I  «айдар  көбейсін»,  егіншіге  «бір  дәнің  мың  дән 

I  болсын»,  түрлі жұмыс үстіндегілерге  «іске сәт»,  жаңа

қоныстанушыларға «қоныс құтты болсын» деу керек.

•  


Жолаушыларға, 

жүргіншіге, 

сапарға 

шыққандарға «сапар сәтті болсын» деу керек («қайда 

барасыз» деуге болмайды).

•   Үй  сыртында  тұрып  немесе  теріс  қарап  тұрып 

сөйлеуге болмайды.

•   Алыс  сапарға,  игілікті  іске,  емделуге  аттанар 

I  алдында ата-анаңның (қариялардың) батасын ал.

•   Кемтар адамның алдында дене кемістігі  турапы 

әңгімелеме.

•  Моншада да ұятыңды жаба біл.

•  Байлыққа мақгану - ақылдының ісі емес.

•  Айтта,  Наурызда,  мереке  күндерінде  құтты 

болсын айтуды ұмытпа.

•   Біреудің  киімін  (жақсы  болса  да)  киюге 

әуестенбе.

•   Туған  жеріңді  ұмыгпа.  Ол  жерге  жиі  барып  тұр. 

Бір уыс топырағын үйіңде қастерлеп сақта.

•   Ауру  адамның  көңілін  сұрауды  ұмытпа.  Оған 

қайғылы хабарды айтпа.

•  Лауазымы үлкенге жалпаңдама, лауазымы кішіге 

кекірейме.

•   Ата-анаңа,  ұстазыңа,  жетекшіңе  ажырайып 

қарама, қатты сейлеме.

41


•  Үйде,  дастарханда  адамдар  жасына  қарай 

үлкендер терде, жастар төмен қарай отырады.

•  Кеп  ішінде  жаныңдағы  адаммен  сыбырласып 

(қупия)сейлеспе.

• Жаяу адам қамшыны екі бүктеп устайды.

• Құда, құдағилар әзілдеспейді.

• Жақсы көретін сыйласқан адамдарға алыс-жақын 

тұрғанына қарамай әдейі барып сәлемдеседі.

• Адам басатын жерге кірдің суын текпейді.

•  Жасы  үлкен  кісілерге  данымайтын  адамдарға 

"сен "демейді.

•  Даулы  мәселеде  ұрыс,  төбелеске  бармайды- 

биге, ақсақалдарға жүгінеді.

•  Жасы  үлкен  адамдар  отырған  жерде  жастар 

қисаймайды, жатпайды.

•  Ат үстінде  тұрып  сейлеспейді.  Дұшпандар  ғана 

ат үстінде сөйлескен (онда да сақтық үшін).

•  Тамақ үстінде жалаңаяқ, жалаңаш отырмайды.

•  Танитын  адамдарға  сәлемдеспей  немесе 

сәлемін  алмай өтпейді.

•  Аты  кепке белгілі  адамдарды,  әруақты,  өз  ата- 

анасын жамандамайды.

•  Жұрттың  көзінше  бергенін  айтпайды,  қарызын 

сұрамайды.

•  Молдаға,  ұстазға,  қарт  кісілерге  құрмет 

керсетеді.

•  Көпшілік ортасында  көсілмейді,  аяқты созбайды, 

талтаймайды.

•  Алыс  сапарға  аттанғанда  ақсақалдардан  бата 

тілейді, қарашаңырақган дәм татады.

•  Қазақ  жастары  өз  балаларына  ата-аналарының 

көзінше  «өз  балам»  демеген  «атасының  .әжесінің 

баласы»  деген.

• Ашу үстінде де есікті қатты жаппайды.

•  Дұшпанның  елгеніне  қуанба,  өйткені  өзің  де 

өлесің.


•  Үстаздың  және  дін  адамдардың  алдында 

жүрмейді.

42


•  Күйеу бас ұстамайды, бата бермейді.

•  Сөйлесіп тұрған  екі адамның арасынан өтпейді.

•  Ерлі-зайыптылардың арасына отырмайды.

•  


Табалдырықтың  екі  жағында  тұрып 

қол 


алыспайды.

•  


Жас 

келіндер 

немесе 

келіншектер 



қарашаңырақтың  немесе  ақсақалы  бар  үйдің  теріне 

шықпайды.

•  Әйел адамдар көп алдында керілмейді.

•  


Әйелдер, 

жас 


адамдар 

біреудің 

бетіне 

бажырайып қарамайды.



[  •  Екі қабат әйелге  күлу -  әдепсіздік.

;  •   Толғатып  жатқан  әйел  үстіне  еркек  адам 

кірмейді.

•  Бала емізіп отырған әйелге қарамайды.

•   Аса  бір  тығыз  шаруасы  болмаса  әйелдер 

отырған  жерге  ерлер,  еркектер  отырған  жерге 

әйелдер кірмейді.

•   Қазақ  дәстүрінде  туыстығы  іліктігі  жоқ  ер  мен 

әйел оңаша отырмайды.

•   Келіндер  қайын  елінің  үлкен  адамдарына  иіліп 

сәлем жасаған.

•  Келіндер үлкен  кісілерден  қайтқан табаққа сәлем 

жасаған.

•   Үлкендер  (ерлер)  келін  алдында  әдепті  болған. 

Олар келінді сыйлаған, келінді ұялтпауға тырысқан.

•   Қазақ  әйелдері  еркектер  отырған  жаққа  көз 

салмайды.

•   Әйелдер  жолаушының,  еркектің  алдын  кесіп 

етпейді.

•  Қазақ әйелдері кісіге қарсы қарап отырмайды, бір 

қырындап отырған.

•   Мұсылман  әйелдері  күйеуінің  атын  атамаған, 

оның айтқандарын  мүлтіксіз орындаған,  бетіне  қарсы 

келмеген.

•   Қазақ  әйелдері  ер  адамның,  жүрер  келіктің 

алдын кесіп өтпейді.

43


• Ақсақал,  ата-ене,  қайынаға алдында келін дауыс 

көтеріп сейлемейді.

• Екіқабат әйелді шошытпайды, ауыр кетертпейді.

• Екіқабат әйелге күлмейді, үялтпайды.

• Жас келінге үлкендер кеп қарамайды.

ӘДЕП ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ 

ҚАЗАҚТЫҢ МАҚАП-МӘТЕЛДЕРІ

Жаман қорыққанын сыйлайды.

* * *

Керген кісі кергенін айтады, кергенсіз кісі бергенін 



айтады.

* * *


Жаман жігіт той бүзады, жаман әйел үй бүзады.

* * *


Жаман сөз -  жылатады,

Жақсы сез -  жүбатады.

* * *

Жаман арба жол бұзар 



Жаман адам ел бұзар.

* * *


Әдепсіз өскен адамнан 

Тәртіппен өскен тал жақсы.

Жөн білмейтін жаманнан 

Жайылып жүрген мап жақсы.

* * *

Сөйлей білмес жаманның 



Сөзі етпес бір пышақ.

Сөз білетін адамның 

Әр сөзіне бір тұсақ.

*  *  *


Жаман адам төршіл.

*  *  *


Ат аяғынан семірер,

Адам құлағынан семірер.

*  *  *

44


Екі кісі ығысса,

Бір кісілік орын бар.

* * *

Адам сөйлескенше,



Жылқы кісінегенше.

*  *  *


Ескерген -  ескіні сақтайды,

Ел болған естісін мақтайды.

* * *

Сыпайы сызып айтады, 



Шешен қызып айтады, 

Шорқақүзіп айтады,

Жаман  бүзып айтады.

*  *  *


Сәлем -  сөздің анасы.

*  *  *


Ең тәтті де -  тіл,

Ең ащы да -  тіл,

Ең жұмсақ та -  тіл,

Ең қатты да -  тіл.

* * *

¥лық болсаң -  кішік бол.



* * *

Бір елі ауызға -  екі елі қақпақ.

* * *

Сабыр түбі -  сары алтын.



* * *

Балапан үяда не көрсе, 

Үшқанда соны алады.

* * *


¥лың өссе

¥яттымен ауылдас бол. 

Қызың өссе

Қылықтымен ауылдас бол.

* * *

Аңдамай сөйлеген 



Ауырмай өледі.

«Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген кемек.

*  * *

Баланы жастан,



Келінді бастан тәрбиеле.

*  * *


Мыңның түсін танығанша, 

Бірдің атын біл.



* *


¥лға отыз үйден тыю,

Қызға қырық үйден тыю.

*  * *

Ащу -  дұшпан, ақыл -  дос, 



Ақылыңа ақыл қос.

*  * *


Жаны сүлудың,

Тәні сұлу.

*  * *

Кеменгерден кеңес шығар, 



Кер кеткеннен кейіс шығар.

*  * *


Ақыл -  ауыздан,

Мерей  - кезден.

*  * *

Еңкейгенге еңкей,



Атаңның қара құлы емес, 

Шалқайғанға шалқай, 

Пайғамбардың ұлы емес.

*  * *


Сыйға -  сый,

Сыраға -  бал.

*  * *

Таспен ұрғанды,



Аспен ұр.

*   *  *


Алдыңа келсе,

Атаңның құнын кешір.

46


Ақпейілдің аты арып, тоны тозбас.

* * *


Кішіпейіл болғанмен,

Кішірейіп кетпейсің,

Өр көкірек болғанмен,

Үлылыққа жетпейсің.

*   *  *

Болатын жігіт епшіл,

Болмайтын жігіт кекшіл.

* * *


Атаңа не қылсаңда,

Алдыңа сол келеді.

*   *  *

Тәрбиелі кісі -  шекер қосқан жармадай, 

Тәрбиесіз кісі -  шаң боратқан арбадай. 

* * *


Әдепсіз бапа 

Ауыздықсыз атпен тең,

Ақылды қария 

Жазып қойған хатпен тең.

* * *

Бейбас балаға күле қарасаң,



Бас киіміңді ала қашады.

* * *


Ар қайда болса,

Үят сонда.

* * *

Құрмет етсең,



Құрмет көрерсің.

* * *


Әдептің не екенін,

Әдепсіз адамды көргенде уғарсың.

* * *

Жаста берген тәрбие -  



Жас қайыңды игендей

* * *


Ананың ізін қыз басар,

Атаның ізін ул басар



Елгезек екі айттырмас.

*  *  *


Алғыс алған арымас,

Қарғыс  алған жарымас.

Ащумен бастапған іс,

Абыройсыз аяқталады.

Өзінің қисықтығын білмеген, 

Өзгенің тузулігін білмейді.

Ата балаға сыншы.

Әркім сыйласқанның қүлы.

Ағадан -  ақыл,

Ініден -  ізет.

Сабыр түбі -  сары алтын. 

Сарғайған жетер мұратқа 

Сабырсыз қалар ұятқа.

* * *


Жасы кіші ініні 

Ақылы артса, аға тұт.

Жасы үлкен ағаны 

Жақсы сыйлап, жаға тұт.

Жүзігің алтын болғанша,

Жүзің жарқын болсын.

Қисықтың келеңкесі де қисық.

Ымға түсінбеген 

Дымға түсінбейді.

Сол көз оң көзіңе қарауыл болсын.

48


Ебетейсіз асыққан 

Етегіне сүрінер.

* * *

Құтырған ит иесін қабады, 



Құтырған торғай бүркітке шабады.

* * *


Алдыңғы дөңгелек қайда жүрсе, 

Соңғы дөңгелек сонда жүреді.

* * *

Көңіл кірі айтса кетер,



Көйлек кірі жуса кетер.

*   *  *


Жас журген жер -  мереке 

Қарт жүрген жер -  береке.

*   *  *

Әдепті бала

Ата -  анасын мақтатар.

Әдіпсіз бала

Ата -  анасын қақсатар.

* * *


Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атыңа ауыр жүк артпа.

* * *

Ананың сүті- бал 



Баланыңтілі  -бал.

* * *


Ана сүтін ақтамағанды,

Ешкім мақгамайды.

* * *

Жағымпаз -  жасқаншақ,



Жаман -  мақтаншақ.

* * *


Жақсы байқап сөйлер,

Жаман жайпап сөйлер.

* * *

Жаманның сөзі 



Түйеден түскендей.

Жақсының сөзі,

49


Диірменнен  шыққандай.

Адамгершілікке арналған 

Үш сауап бар:

Шелге құдық қазған,

Өзенге кепір салған,

Жолға ағаш еккен.

*   *   *

Жақсылықгы қызғанба,

Бәріңізге жетеді,

Жақсы болып бір жүрсең,

Дүние қызық өтеді.

*  *  *


Өткендерін ескерген- 

Өскендіктің белгісі.

Өткендерін жек керген -  

Өшкендіктің белгісі

Үйге кірген жыланды,

Басына ақ құйып  шығарады.

Ала сөйлеп ұлыққа жаққанша,

Адал сейлеп халыққа жақ.

* * *

Жақсының сөзі,



Өлшеп пішкендей

Жаманның сезі түйеден түскендей.

Байламысыз сөз,

Баусыз -  шелек.

*  *  *

Киіміне қарап қарсы ал,



Ақылына қарап шығарып сал.

50


Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.  Андреев  В.Ф.  «Золотая  книга  этикета».-  Мәскеу, 

«Вече» баспасы, 2004 ж.

2.  Кенжеахметұлы  С.  «Жеті  қазына».-  Алматы, 

«Ана тілі» ЖШС, 2005 ж.

3.  «Әдептен  озбайық».  Мақапалар  жинағы -  Алматы, 

«Қазақстан» баспасы,  1984 ж.

4.  Асамаа  И.  «Әдептен  озбайық»,-  Алматы,  «Рауан» 

баспасы,  1990ж.

5.  «Қазақтың  мақал-мәтелі».-  Апматы,  «Жазушы» 

баспасы,  1980 ж.

6.  Қожатайұлы  Д.  «Мешіт  әдептері  мен  хұтпалары».- 

Алматы,  «Дәуір» ЖШС  РПБК, 2003 ж.

7.  Попова  Р.П.  «Кіммен  достасу  керек»,-  Шымкент, 

1994 ж  .

8.  «Қазақ  радиосының  рухани  бұлағынан».-  Апматы, 

«Таугул-ПРИНТ» ЖШС баспасы, 2008 ж.

9.  Пегги  Пост.  «Энциклопедия  Этикета  от  Эмили 

Пост»,- Москва, ЭКСМО, 2009 ж.

51


А Д А М  ӘДЕБІМЕН КӨРІКТІ.

.................................................._4___СӘЛЕМДЕСУ.__............................................................___38___Х_А_Л_Ы_Қ_МҮРАСЫ'>.......................................................................'>..............................................................................'>..................................................

4

СӘЛЕМДЕСУ.



..............................................................................

6

ҚАРАТПА  СӨЗ

.............................................................................

9

т а н ы с у

.

..............................:...............

- 2


.................................

12

СӨЙЛЕСУ.

............................... ......... -.......................................

14

ТЕЛЕФОНМЕН  СӨЙЛЕСУ ӘДЕПТЕРІ.

......................

16

КӨШЕДЕ,  ҚОҒАМДЫҚОРЫНДАРДА,

МӘДЕНИЕТ ОШАҚТАРЫНДА,  КӨЛІКТЕ.

...................

19

ҚОНАҚҚА БАРУ,  ҚОНАҚ  ҚАБЫЛДАУ.

.........................

25

МҮСЫ ЛМАН ӘДЕПТЕРІ.



.....................................................

31

МЕШІТКЕ БАРУ.

.......................................................................

32

СӘЛЕМДЕСУ.

............................................................................

34

ҚАБІРЫСТАНҒА (ЗИРАТҚА ) БАРҒАНДА

...................

34

ҚОНАҚТУРАЛЫ.



....................................................... .............

35

АТА-АНАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

...................................

35

к ө ш е д е

.

.......................................... .......... ............ .................

з в

КӨРШІЛЕР ЖАЙЫНДА

........................................................

36

НАУҚАСТЫҢ КӨҢІЛІН С¥РАУ ЖӨНІНДЕ.

.................

37

СӨЙЛЕСУ Ә Д ЕБ І

......................................... .........................

37

ТАМ АҚІШ У ЕРЕЖЕЛЕРІ.



...................................................

37

ҚАЙҒЫ, ҚАЗА  ТУРАЛЫ.



............................................................

38

Х А Л Ы Қ   МҮРАСЫ

 -  

А Л ТЫ Н  ҚАЗЫ Н А

......................

39

ӘДЕПКЕ ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ,

ЫРЫМДАР,  ТЫЙЫМ СӨЗДЕР.

.......................................

39

ӘДЕП ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

ҚАЗАҚТЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ.

...................................

44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР.



..............................

51

МАЗМ¥НЫ


С¥ЛТАНГЕРЕЕВ Т. 

Әдептілік - әдемілік



Редакторы Жапек Ғ. Т.

Басуға  28.N/111.2010  ж.  қол  қойылды.  Қаріп  түрі  АгіаІ. 

РИЗО  басылыс.  Пішіні  84x108 

1/32 

Шартты  баспа  табағы 

3,3.  Таралымы  1000  дана.  Тапсырыс  12.  Тараз  қ., 

Абай,410.

53


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет