168
15.2.3.
Ыстық цех жұмысшыларының тамақтануының
ерекшеліктері
Ыстық цехтарда жұмыс жасаудың басты ерекшелігі жоғары
температуралардың әсері болып табылады. Ол айтарлықтай шамада жүрек-
қан тамырлары жүйесіне жүктемені жоғарылатады, терінің салқындауына
қажетті тердің көп бөлінуін тудырады. Тер бөлінуінде сумен бірге
минералды тұздар да жоғалады. Әсіресе, қандағы калий иондарының
құрамы, сонымен қатар, кейбір қышқылдардың – лимон, аспарагин
қышқылдарының құрамы жылдам төмендейді. Ыстық цех жұмыскерлерінің
қанағаттанарлық жағдайларының ұзақтығы, олардың денеге түсетін
ауырлыққа қабілеттілігі айтарлықтай шамада дұрыс ұйымдастырылған
тамақтануға тәуелді. Сондықтан қажет:
Тамақтанудың арнайы тәртібін көлемді тамақтанудан жұмысқа дейінгі не
кейінгі кезеңдерге ауысуымен сақтау. Түскі үзіліс кезінде болса, тәуліктік
тамақтанудың 20%-дан аспайтын бөлігін орындау керек.
Жұмыстан кейінгі тамақтануды жылулық әсер аяқталғаннан 1-1,5
сағаттан кейін жүзеге асыру қажет. Өйткені тек осы уақытта ғана ас қорыту
сөлінің белсенді секрециясы басталады;
тәуліктік рацион калориялығы 3700-3400 ккалды құрауы керек (жас
топтары бойынша сәйкесінше 40-қа дейінгі және 40-тан кейінгі жас);
рациондағы ақуыздардың мөлшері қалыпты нормадан аспауы керек. 14,5-
15% қуаттың тәуліктік қажеттілігі солардың есебінен жабылуы тиіс;
майлардың мөлшері 30%-дан кем болмайтын қуат қажеттілігін
қамтамасыз етуі керек;
мәзірге ащы басытқылар, тағамдар қосу керек, ащы дәмдеуіштерді,
әсіресе, түскі үзіліс кезіндегі тамақтарда пайдалану керек;
рационда суда еритін дәрумендер мөлшері көбеюі керек: С дәрумені 150-
200 мг-ға дейін, В
1
дәрумені 2-3 мг-ға дейін;
дұрыс су ішу тәртібін сақтау өте маңызды. Минералданған суды, шие не
қарақат қайнатпасын, көк байха шайын, аскорбин қықшқылының ерітіндісін
пайдаланған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: