47
5.6.7.
Тікен терілілерді өңдеу
Трепангтар — сопақша келген аз қимылдайтын ұлулар. Олардың дене
консистенциясы өте нәзік келген, сондықтан
оларды қандай да бір
техникалық әдіс-амалдармен табу мүмкін емес. Сүңгуірлер оларды
жайылымдардан қолмен жинап, «теңіз қиярлары» деп атайды. Оларды бірден
ұстайтын кемелерде өңдейді: қарнын аздап тіліп,
ішек-қарындарының көп
бөлігін алып тастап, кептіреді. Кептіргенде жағымсыз иіс пайда болмас үшін
трепангтарға ағаш көмірінің ұнтағын себеді.
Аспаздық қолданысқа дейін
кептірілген трепангтарды салқын сумен су
мөлдір болғанша жақсылап жуады. Одан кейін оларға салқын су құйып
(18...20
°С), онда 24...30сағат, суды 2-3 рет ауыстырып ұстайды. Ісінген
трепангтардың
қарындарын ұзынынан кесіп, қалған ішек-қарындарды алып
тастайды. Тазаланып ісінген трепангтардың түсімі – 400 %.
Қайнатып-мұздатылған трепангтарды суда 15°С
температурадан
дененің ортасында 1°С-қа дейін жібітеді. Суда 40°С температурамен 40
минут ішінде су массасы мен трепангтардың ара қатынасы 2:1 болған
жағдайда жібітуге жол беріледі. Жібітілген тікен терілердің қарындарын
кесіп, ішек-қарындарынан, құмнан тазалап жуады. Өңделген трепангтарды 1-
2 минут жидітіп, ас әзірлеуге пайдаланады. Жібіту мен тазартуда массаның
жоғалуы 6%-ды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: