Түсірерде тәрелкеге туралған қияр, көк пияз, қайнатылған жұмыртқа
салып, борщты құйып, қаймақ қосады. Қиярды шалғаммен алмастыруға
болады.
Борщты қайнатылған сиыр етімен, қайнатылған немесе бөктірілген
балықпен, консервіленген теңіз шаяндарымен беруге болады.
Бақылау сұрақтары
1.
Адам тамақтануында сорпаның маңызы қандай?
2.
Сұйық көк сорпаны дайындаудың сұрыптамасы мен технологиясы қандай?
3.
Езбе сорпаларды дайындаудың жалпы сызбасы қандай?
4.
Өсімдікті өнімдерден езбе сорпа дайындаудың сұрыптамасы мен
технологиясы қандай?
5.
Жануар өнімдерінен езбе сорпа дайындаудың сұрыптамасы мен
технологиясы қандай?
6.
Биск сорпаларын дайындаудың технологиясы қандай?
7.
Мөлдір сорпа дайындаудың технологиясы қандай? Оларды қандай
гарнирлермен береді?
8.
Көк сорпаны дайындаудың сұрыптамасы мен технологиясы қандай?
9.
Қызылша сорпа, көк көже дайындаудың технологиясы қандай?
10.
Көкөністі щи мен салқын борщты дайындаудың технологиясы қандай?