Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Пісірілген көкөністер мен саңырауқұлақтардан



бет59/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

8.2.
Пісірілген көкөністер мен саңырауқұлақтардан 
әзірленген тағамдар
8.2.1.
Жалпы мәліметтер
Пісірілген көкөністер мен саңырауқұлақтардан әзірленген тағамдар өте
ауқымды және алуан түрлі тағамдар тобы. Рецептуралар жинағы оны
тұздықта піскен көкөністер, көкөністі пісірмелер және турамалы көкөністер
түрлеріне бөледі. Бірақ бірінші топ бөлігін пісірілген турамасыз көкөністер
деп атаған дұрысырақ, өйткені оған құрамында тұздығы болмауы да мүмкін
тағамдар жатады.
Көкөністер мен саңырауқұлақтарды алдын ала қайнатып, бөктіріп,
бұқтырады немесе қуырады, ал кейде шикілей қолданады. Көкөністерді түрлі
өнімдермен ал кейде тұздықтармен де бірге үйлестіре пісіреді. Пісіруге
дайындалған өнімдерді май жағылған жайпақ қаңылтыр табаға немесе үлесті
табаларға салады. Өнімнің үстіне пісіру алдында май сеуіп немесе сумен
араласқан жұмыртқа жағады. Кейбір өнімдерге үгілген ірімшік немесе
ұнтақталған кепкен нан себеді. Қуыру шкафында 250-280°С температурада
өнімнің үстіңгі қабатында қызарған қабықша пайда болғанша және ішіндегі
температура 80°С болғанша пісіреді. Бірақ тағам массалары бәсең
қыздырылатынын және пісірмелерді дайындап шығаруда пісірме күйіп





71 
кетпес үшін температураны өнімнің ортасында қажетінше жететіндей етіп
реттеу керек.
8.2.2.
Пісірілген турамасыз көкөністер
Көкөністерді қаймақ немесе орташа қоюлықтағы сүт тұздығымен пісіреді:
біріншісімен – картоп, саңырауқұлақтар, гүлді қырыққабат, кәділерді,
екіншісімен – гүлді қырыққабат, кәділер, бөрікгүлді. Пісіру алдында
картопты қайнатады немесе қуырады; саңырауқұлақтарды, гүлді
қырыққабатты, бөрікгүлді қайнатады; кәділерді қуырады.
Қаймақты тұздықта піскен картоп. Рецептуралар жинағының 1-бағаны
бойынша шикі аршылған картопты текшелеп турап, қуырады, 2-3-бағандар
бойынша тазартылған түйнектерді тұздалған суда қайнатады, суын төгіп,
картопты құрғатып, бөліктермен турайды (жас картопты түйнегімен
қолданады).
Дайын картопты үлесті май жағылған табаларға немесе жайпақ қаңылтыр
табаға салады. Қаймақты тұздық құйып, үгілген ірімшік сеуіп, май сеуіп,
пісіреді. Берер алдында ұсақтап туралған көктерді себеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет