74
туралған жұмыртқаларды араластырып, бұрышпен дәмдейді (ақжелкен не
болмаса аскөк көгін қосуға болады).
Дайын пісірмені үлеспен кеседі. Берер алдында қаймақ немесе
қызанақты, қаймақты не саңырауқұлақты тұздық құяды.
Картопты орама. Картоп массасын пісірмедегідей таза ылғал майлыққа
қойып, ортасына тураманы салып, шелпектердің жиектерін тураманың
үстінен біріктіріп, орама пішінін беріп жабыстырады. Оны май жағылған
жалпақ табаға аунатады. Ораманың үстіңгі қабатына қаймақ жағып, кепкен
нан себеді. Екі-үш тесік жасап, май сеуіп, пісіреді.
Жұмыртқа және ұнды картоп массасынан бәліш, ватрушка сияқты
өнімдерді әзірлеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: