Картопты бәліш. Саңырауқұлақты турамадан, шала қуырылған
көкөністерден немесе өзге шикізаттармен дайындайды. Пішінделген
бәілштерге жұмыртқа жағып, пісіреді.
Ватрушкалар.Ватрушкалар үшін картоп массасын жаймалап жазып,
дөңгелек ойықтар кесіп, оларды шұқырлап, сүзбелі (сүзбені қант және
қаймақпен езгілейді) немесе басқа да турамамен толтырады.
Қырыққабатты пісірме. Рецептуралар жинағының 1-бағаны бойынша
майдалап туралған және маймен бөктірілген қырыққабатты жұмыртқалармен
араластырып пісіреді. 2 және 3-бағандар бойынша шала қуырылған
қырыққабатқа ұнтақ жармасын қосып, ауық-ауық араластыра отырып, дайын
болғанша пісреді. 50-40°С-қа дейін салқындатып, шикі жұмыртқаларды
қосып, араластырады. Қырыққабат массасын май жағылып, кепкен нан
себілген жайпақ табаға тегіс қабатпен салып, пісіреді. Берер алдында қаймақ
немесе сүтті, қаймақты, қызанақ қосылған қаймақты тұздық құяды.
Сәбізді пісірме. Пісірме массасын котлеттерге дайындағандай етіп
дайындайды. Езілген сүзбе мен қантпен немесе тек қантпен (рецептуралар
жинағының 3-бағаны) араластырып, дайындалған жайпақ табаға салады,
үстіңгі жағын тегістеп, қаймақ жағады да, өрнек салып пісіреді. Берер
алдында май немесе қаймақ не болмаса сүтті, қаймақты тұздық құяды.
Сәбіз бен үрме бұршақты пісірме. Дайындалған үрме бұршақты дайын
болғанша қайнатып, езгілейді. Жартылай қуырылып езгіленген сәбізді
езгіленген үрме бұршақпен араластырып, жұмыртқа қосады. Массаны алдын
ала дайындалған табаға салып, қаймақ жағады, кепкен нан сеуіп, пісіреді.
Үрме бұршақты жасыл бұршақпен ауыстыруға болады. Оны езгілемей
енгізеді.
Берер алдында қаймақ құяды немесе қаймақты бөлек береді.
Асқабақты пісірме. Дайын асқабақты ұсақтайды. Қайнап жатқан сүтке
тұз, майдың бөлігін, ұсақталған асқабақты, дайын тарыны салып,
қоюланғанша пісіреді. Массаны 50-40°С-қа дейін салқындатып, оған
жұмыртқаларды қосып араластырады. Май жағылған жайпақ табаққа салып,