76
Сәбізден әзірленген суфле. Маймен бөктірілген сәбізді 50-40
°С-қа дейін
салқындатып, езгіленген сүзбемен, қантпен, жұмыртқа сарысымен және
шайқалған ақуызымен біріктіреді. Алынған массаны май жағылған
қалыптарға немесе үлеспелі табаларға салып пісіреді немесе буда қайнатады.
8.3.
Жармалардан әзірленген тағамдар
Котлеттерді, пісірмелерді, басқа да өнімдер мен тағамдарды дайындау
үшін жармаларды ең алдымен қайнатады. Бұл ретте бүгінгі таңда нарық бір
жарманың әртүрлі, оның ішінде су сіңіргіш және май сіңіргіш (палау
пісіргенде маңызды) қасиеттерге ие сан түрлі сұрыптарын ұсынатынын
есепке алуымыз керек. Бұл жағдайға тән күріш болып табылады. Сөрелерден
краснодарлық, үнділік, өзбектің «дезира», италяндық «арборио» және «рома»
күріштерін көруге болады. Сонымен қатар, ақ сұрыптар мен қоңыр түсті
күріштер де бар. Күрішті дәнінің пішініне байланысты да ажыратады – ұзын,
орта түйіршікті және домалақ.
Күріштің пішіні мен қасиеттерінің арасында айқын өзара байланыс бар
(сирек жағдайларды ескермегенде). Дәні қысқа немесе ағырақ болған сайын
жұмсақ болып, суды көбірек сіңіріп, қаттырақ ісініп, жабысқақ бола түседі.
Бұндай күріштер Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде, Қытайда және Жапонияда
танымал.
Дәні ұзын болған сайын қаттырақ, түссіздеу, ал пісірген кезде көбіне
ұзыныдығы бойынша ұлғаяды. Дұрыс пісіретін болса, бұл күріш
шашыраңқы, жеңіл және үлпілдек болып шығады. Ол Үндістанда және
онымен көршілес елдерде танымал.
Ресейде «Ресурс» кәсіпорны ерекше қалталардағы бумен өңделген
шашыраңқы («Увелка») күрішті өндіреді. Күріш сол қалтада 20-25 минут
ішінде көп мөлшердегі тұзды қайнаған суда піседі.
Достарыңызбен бөлісу: