77
қосады. Егер өнімдер саңырауқұлақты тұздықпен берілетін болса, қант пен
ванилинді салмайды. Котлет (домалатпалар) массасына толтырма ретінде
сүзбе мен сәбіз қосуға болады.
Дайын болған массадан котлеттер немесе домалатпалар жасайды, кепкен
нанға аунатып, негізгі тәсілмен 10 минут ішінде қуырады.
Котлеттер мен домалатпаларды көбіне ыстық күйінде тәтті немесе сүтті,
не болмаса саңырауқұлақты тұздықтармен береді. Қаймақпен, тосаппен,
джеммен және повидломен оларды ыстық және салқын түрінде беруге
болады.
Пісірмелер. Оларды түрлі жармалардан дәмді етіп сүзбемен, асқабақпен,
жемістермен, мейізбен, цукаттармен әзірлейді. Пісірмелер үшін жабысқақ
немесе шашыраңқы ботқа пісіреді. Оған май, жұмыртқа, қант және басқа да
ингредиенттер қосады. Тәтті пісірмелер үшін ботқаға ванилин қосады.
Дайын массаны май жағылып, кепкен нан себілген жайпақ табаға салып,
үстіңгі қабатына жұмыртқа мен қаймақ қоспасын жағып пісіреді.
Пісірмелерді қаймақпен немесе маймен, не болмаса өрік не мүкжидек
тұздығымен береді.
Достарыңызбен бөлісу: