82
Бұндай балыққа ең жақсы гарнир – қуырылған картоп, тұздықтар –
қызанақты, майонез, корнишондар мен майонез және ерітілген май. Берер
алдында балыққа жасыл май дөңгелегін және лимон бөлігін қоюға болады.
Мейрамханаларда фри балығын, әдетте, күрделі гарнирлермен береді.
Оның құрамына бір-бірін дәмі, түсі, химиялық құрамы бойынша
толықтырып тұратын 2-5 компонент қосады: мысалы, фри картобы, піскен
гүлді қырыққабат, алмамен бұқтырылған сәбіз және сүтті тұздықтағы жасыл
бұршақ.
Достарыңызбен бөлісу: