Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Қаймақты тұздықта пісірілген балық



бет74/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

Қаймақты тұздықта пісірілген балық. Қуырылған балықты май
жағылған үлеспелі табаға орналастырып, оған шашыраңқы қарақұмық
ботқасын немесе қуырылған картоп домалақтарын салып, қаймақ тұздығын
құяды. Үгітілген ірімшік сеуіп, май сеуіп, пісіреді.
Саңырауқұлақтармен қаймақты тұздықта пісірілген мәскеуше 
балық. Үлеспелі табаға кішкене қаймақ тұздығын құйып, қуырылған балық
бөлігін салады. Оның айналасына қуырылып піскен картопты, оның үстіне
шала қуырылған пияз, қуырылған саңырауқұлақтардың тілімдерін және





85 
піскен жұмыртқа бөліктерін салады. Қаймақты тұздықты құйып, үгітілген
ірімшік сеуіп, май құйып, пісіреді.
Сүтті тұздықта піскен балық. Май жағылған табаға гарнирді (картоп
езбесі немесе сүттегі картоп), ал үстіне бөктірілген балықты (сүйексіз терісі
бар сүбе) салады.
Сүтті тұздыққа шала қуырылған басты пиязды қосып, қайнатуға дейін
апарып, оны балыққа құяды. Тағамға үгітілген ірімшік сеуіп, пісіреді.
Табадағы балықтан жасалған ащы көже. Сүйексіз терісі бар сүбені
немесе алдын ала жидітілген терісі бар шеміршексіз үлеспелі бөліктерді 25-
30 г массасымен кеседі. Май жағылған ыдысқа салып, туралған тұзды қияр,
сорпа қосып, дайын болғанша бөктіреді. Артынша киеуілдерді, шала
қуырылған пияз бен қызанақ езбесін, лавр жапырағы мен бұрыш қосып,
жабық ыдыста 8-10 минут ішінде қайнатады.
Май жағылған табаға бұқтырылған қырыққабат қабатын салып, оны
үстіне гарнирмен және өзі бұқтырылған тұздық (тек лавр жапырағы мен
бұрышты алып тастайды) қосылған балық бөліктерін, үстіне бұқтырылған
қырыққабаттың екінші қабатын салады. Үстін тегістеп, ірімшік не кепкен
нан сеуіп, май құйып, 10-15 минут ішінде пісіреді.
Берер алдында үстіңгі қабатын лимон домалағымен, сүйексіз зәйтүнмен,
маринадталған жемістермен безендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет