Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



бет105/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

Бисквитті пудинг. Кепкен нан пудингі секілді дайындайды. Тек кепкен
нанды бисквитпен алмастырады.
12.5.
Суфле (үлпілдек бәліштер)
Суфленің негізі түрлі дәмдеуіш өнімдер қосылған шайқалған жұмыртқа
ағы болып табылады.
Ванильді, шоколадты, жаңғақты суфле. Жұмыртқа сарысын құмшекер-
мен үгіп, ұн, ваниль (ванилин) немесе какао ұнтағын, не болмаса қантпен
қуырылып ұсақталған жаңғақтарды, 60°С шамасындағы температурадағы
қайнаған сүт қосып, үздіксіз араластыра отырып, қоспаны қоюланғанша
қайнатады да, артынша оны шайқалған жұмыртқа ақуыздарымен біріктіреді.
Массаны бірден май жағылған үлесті табаларға салып, 12-15 минут ішінде
қуыру шкафында пісіреді.
Суфлені піскеннен кейін бірден қант ұнтағын сеуіп береді. Бөлек салқын
сүт немесе кілегей береді.
Жемісті, жидекті суфле. Жеміс немесе жидек езбесін қантпен қоюлан-
ғанша қайнатады. Шайқалған жұмыртқа ақуызадрымен араластырып,
ванильді суфле секілді пісіреді.





118 
12.6.
Алмалардан әзірленген тағамдар
Орыс және басқа да славян асханаларында ыстық тәтті тағамдардың
сұрыпталымдарын алмалардан әзірлейді.
Пісірілген алмалалар. Алмалардың өзегін алып тастап, оның орнына
құмшекер салады. Алмаларды жайпақ табаға орналыстырып, аз мөлшерде су
құйып, қуыру шкафында 15-20 минут ішінде пісіреді.
Алмаларды ыстық не салқын күйде береді. Берер кезде мүкжидек не шие
тұздығын немесе тосап құйып, шақпақ қант ұнтағын себеді.
Шайқалған кілегей қосып пісірілген алмалар. Пісірілген алмаларды
суытып, өрік не алма тұздығын құйып, қуырылған ұсақталған жаңғақтарды
себеді. Ал алмалардың айналасына кондитерлік қапшықтан шайқалған
кілегейді шығарады.
Күріш қосылған алмалар. Сүтте жабысқақ күріш ботқасын қайнатып,
70-60
°С-қа дейін суытады. Ботқаға жұмыртқа, мейіз, ванилин, сары май
қосып, араластырады. Алынған массаны маргарин жағылған үлесті табаларға
салып пісіреді.
Қабықсыз және тұқымды ұясыз алмаларды бүтіндей немесе жарты бөлігін
қышқылданған суда дайын болғанша қайнатады. Ботқаға салып, алма не өрік
тұздығын құяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет