Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Ірімшік қосылған картоп пудингі



бет144/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

Ірімшік қосылған картоп пудингі (№ 2, 5 және 7/10 диеталар).
Картопты қайнатып, езгілеп, аздап суытады, езілген сүзбемен, ұнмен,
қайнаған сүтпен, жұмыртқа сарысымен, ерітілген маймен (қалыптың 50%-ы)
біріктіріп, шайқалған жұмыртқа ақуызын қосады. Массаны жақсылап
араластырып, май жағылып және кепкен нан себілген қалыптарға немесе
табаларға салып, пісіреді.





157 
14.3.7.
Жармалар мен макарон өнімдерінен әзірленген 
тағамдар

Диеталық тамақтандыруда №8 және №9 диеталардан басқаларында ұнтақ,


қарақұмық, күріш, сұлы, арпа, бидай жармалары мен макарон өнімдерін
пайдаланады. Жармалардан шашыраңқы, жабысқақ және сұйық ботқалар
пісіріп, пісірмелер мен пудингтер, домалатпалар, құймақтар дайындайды.
Кейбір тағамдарда ботқаға мейіз, алма, сүзбе, сәбіз салады.
Макарон өнімдерін қайнатылған түрде маймен (1-7/10 диеталары),
ірімшікпен (№2 және 5 диеталар), сүзбемен (2-7/10 диеталары), томат және
ірімшікпен (№2 және 5 диеталар), және пісірме түрінде (№5 және 7/10
диеталар), сүзбе қосылған кеспе түрінде (№2, 5 және 7/10 диеталар)
қолданады.
14.3.8.
Кондитерлік өнімдер

Бұл өнімдердің сұрыпталымдары көлемді емес.


Бисквитті таяқшалар (№ 8 және 9 диеталардан басқа). Жұмыртқа
ақуыздарын қою көбікті етіп шайқап, оған ақырындап қант, сарыуыз,
крахмалмен араласқан бидай ұнын қосып, ақырындап араластырады.
Кондитерлік қалтамен май жағылып, ұн себілген табаққа сопақша келген
таяқшаларды салып, 180-200°С температурада пісіреді.
Бисквитті ақуыз таяқшаларын жұмыртқа саруызынсыз дайындайды.
Осылайша май қосылған қайнатылған бисквитті (дәл сол диеталар), алма
қосылған бисквитті орама (№1, 2 және 7/10 диеталар), сүзбе және күріш
қосылған үгітіліп тұратын бәліш (№2 және 7/10 диеталар), ірімшікті
таяқшаларды (№2 және 9 диеталар) дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет