Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



бет149/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

163 
Онымен қоса, сол не өзге шектеулер мен тыйымдарды енгізетін Ресейдің
бас санитарлық дәрігерінің өкімдерін үнемі бақылап отыру қажет.
15.1.2.
Тағамдарды дайындау технологиясының 
ерекшеліктері

Сорпалар. Оларды негізінде мектеп жасындағы балаларға да, ересектерге
де дайындайды, бірақ сүйекті сорпа және ащы дәмдеуіштерді қолданбайды.
Шала қуырылған пиязды асқатықты көжеге езгілейді. Қоюланған мөлдір
сорпаларды әзірлемейді, бірақ есектерге қарағанда жиі езбе сорпалар, сүтті
және жемісті сорпалар әзірлейді.
Сәбізден езбе сорпа әзірлеу үшін тазартылған сәбізді қалауынша турап, аз
мөлшердегі қайнаған су құяды. Май, қант шәрбатын қосып, қақпағын жабық
күйде қайнатады. Одан кейін сұрыпталып, жуылған күрішті салып, су
күріштің бетін жабатындай етіп қайнаған су құяды. Дайын болғанша пісіреді
(40 минут шамасында). Өнімдерді езгілеп, ыстық сүтпен езеді, тұз ерітіндісі
дәміне жеткізіп, қайнағанша қыздырады. Берер алдында сорпа құйылған
тәрелкеге сары май салады.
Тұздықтар. Оқушылардың тамақтануында тұздықтар қажет, себебі
тағамды дәмдік, хош иістік заттектермен байытып, оларға жағымды түр
береді.
Мектеп асханаларында қызыл тұздықтар жасамайды. Ақ тұздықтарға
бұрыш, шарап қоспайды. Қаймақты, сүтті, көкөністі, жемісті тұздықтарды
кеңінен қолданады.
Қызанақтардан 
тұздықты 
келесідегідей
әзірлейді.
Піскен
қызанақтарды тазалап, жуып, тілік жасап, шырынын тұқымдарымен бірге
сығып тастайды. Қызанақтарды жидітіп, терісін алады. Қызанақтарды екіге
теңдей бөліп, шеті биік табаға салып, етті не балықты сорпа қосып,
қайнағанша қыздырады. Шала қуырылған ұнмен араласқан май, тұз, қант
қосып, 5 минут араластыра отырып пісіреді. Оны етке, макарондарға, картоп
котлеттеріне, ал балық сорпасындағы тұздықты балыққа қосып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет