Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Кеншілердің тамақтану ерекшеліктері



бет154/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

15.2.2.
Кеншілердің тамақтану ерекшеліктері

Кеншілердің жұмыс күнінің ұзақтығы көптеген өндірістік кәсіпорындарға


қарағанда аздау, бірақ жер астындағы еңбек шарты ауыр. Сондықтан
олардың тамақтануын жер астында ұйымдастыру қажеттілігі құпталды.
Әрине, шахтада толыққанды асхананы ұйымдастыру мүмкін емес. Әрі
кетсе тамақтану орнын жабдықтау мүмкін болады. Жинақталған таңғы асты
болса кеншілер кенжарға түсер алдында термостармен өздерімен бірге ала
түседі немесе оларды түскі үзілісте тамақтану орнына жетікзеді.
Жер астында тамақтану үшін ыстық таңғы астардың бірнеше нұсқалары
жасалды:
400 г сорпа мен ақ наннан дайындалған кесіліп қуырылған нан
(қуырылған);
400 г сорпа және әртүрлі салмалармен бәліштер;
400 г какао, маймен, ірімшікпен немесе шұжықпен және бәліш;
500 г ыстық сүт, 200 г ақ нан немесе майқоспалы бөлішке.
Бөлке шахталарда кеншілер асқатықты көже алады.





168 
15.2.3.
Ыстық цех жұмысшыларының тамақтануының 
ерекшеліктері

Ыстық цехтарда жұмыс жасаудың басты ерекшелігі жоғары


температуралардың әсері болып табылады. Ол айтарлықтай шамада жүрек-
қан тамырлары жүйесіне жүктемені жоғарылатады, терінің салқындауына
қажетті тердің көп бөлінуін тудырады. Тер бөлінуінде сумен бірге
минералды тұздар да жоғалады. Әсіресе, қандағы калий иондарының
құрамы, сонымен қатар, кейбір қышқылдардың – лимон, аспарагин
қышқылдарының құрамы жылдам төмендейді. Ыстық цех жұмыскерлерінің
қанағаттанарлық жағдайларының ұзақтығы, олардың денеге түсетін
ауырлыққа қабілеттілігі айтарлықтай шамада дұрыс ұйымдастырылған
тамақтануға тәуелді. Сондықтан қажет:
Тамақтанудың арнайы тәртібін көлемді тамақтанудан жұмысқа дейінгі не
кейінгі кезеңдерге ауысуымен сақтау. Түскі үзіліс кезінде болса, тәуліктік
тамақтанудың 20%-дан аспайтын бөлігін орындау керек.
Жұмыстан кейінгі тамақтануды жылулық әсер аяқталғаннан 1-1,5
сағаттан кейін жүзеге асыру қажет. Өйткені тек осы уақытта ғана ас қорыту
сөлінің белсенді секрециясы басталады;
тәуліктік рацион калориялығы 3700-3400 ккалды құрауы керек (жас
топтары бойынша сәйкесінше 40-қа дейінгі және 40-тан кейінгі жас);
рациондағы ақуыздардың мөлшері қалыпты нормадан аспауы керек. 14,5-
15% қуаттың тәуліктік қажеттілігі солардың есебінен жабылуы тиіс;
майлардың мөлшері 30%-дан кем болмайтын қуат қажеттілігін
қамтамасыз етуі керек;
мәзірге ащы басытқылар, тағамдар қосу керек, ащы дәмдеуіштерді,
әсіресе, түскі үзіліс кезіндегі тамақтарда пайдалану керек;
рационда суда еритін дәрумендер мөлшері көбеюі керек: С дәрумені 150-
200 мг-ға дейін, В
1
дәрумені 2-3 мг-ға дейін;
дұрыс су ішу тәртібін сақтау өте маңызды. Минералданған суды, шие не
қарақат қайнатпасын, көк байха шайын, аскорбин қықшқылының ерітіндісін
пайдаланған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет