172
Концентраттар құрамына кептірілген өнімдердің қоспасы – көкөністі,
көкөністі-жармалы, көкөністі-бұршақты, жармалы, бұршақты – үш нұсқада
шығарылатын: үлес массасына 3% май, 12,5% май, 12,5% май және 12,5%
кептірілген ет. Олардың сұрыпталым-дарында картоп сорпасы, көкөніс
қосылған жармалы, бұршақты сорпалар, бұршақты езбе сорпасы, әртүрлі
ботқалар, бұқтырылған картоп, қайнатылған бұршақ, бұршақ қосылған
картоп езбесі және т.б. Сонымен қатар, құрғақ майсыздандырылған сүтпен,
басқа да ақуызды құнарландырғыштармен қаныққан концентраттар жасап
шығарылды. Әртүрлі концентраттардан тәуліктік рациондар жинақталады,
мысалы: таңғы ас- ботқа, түскі ас- борщ және қайнатылған бұршақ, кешкі ас
–
бұқтырылған картоп.
Тағамдарды дайындау үшін брикетті қаптамасынан босатып, органолеп-
тикалық жолмен оның сапасын тексеріп, ұнтақты күйге дейін уқалайды.
Қазанға салғанға дейін бұршақты езбе сорпасы мен картоп езбесінің езілген
концентраттарына аз мөлшердегі салқын су немесе сорпа құйып, біркелкі
масса пайда болғанша мұқият араластыру қажет. Осы массаны қайнаған суы
бар немесе сорпасы бар қазанға салғаннан кейін жедел түрде қайнатуды
қалыпқа келтіріп, дайын болғанша пісіреді. Қалған барлық концентраттарды
біртіндеп қайнап жатқан суы бар қазанға түйіршік түзілмесі үшін үздіксіз
араластыра отырып, салады.
Сорпаларды дайындауға қажетті су мөлшері — 100 г концентратқа 0,5 -
0,6 л, екінші тағамдарға 0,3 л. Екінші қайнау сәтінен бастап пісіру ұзақтығы
– 20-
30 минут. Тағамдардың бірінші нұсқасына дайын болуына 10-15 минут
қалғанда май қосады. Сорпаларға, сонымен қатар, ет консервілері қосылады.
Егер олар екінші тағам ретінде пайдаланылатын болса, онда оларды алдын
ала 10-15 минут ішінде жылытып, концентрат қосылған гарнирмен береді.
Достарыңызбен бөлісу: