177
голубцы; қызылшалы, балықты домалатпалар; жармалы домалатпалар;
сырниктер; турамаланған жұқа құймақтар; етті, астаналық, балықты
салаттар; қойылтылған тұздықтар жатады. Салаттардың жартылай
фабрикаттарын өндіру технологиясынцң ерекшелігі – олардың компонент-
терін майонезбен дәмдемейді және араластырмайды. Оларды атқарымдық
сыйымдылықтарға (ыдыс) қабаттармен салады: тұздалған қиярлар – ет (құс
еті, балық) – картоп – жасыл бұршақ немесе жұмыртқалар. Сақтау мен өткізу
мерзімі – 12 сағат. Соның ішінде өндіру кәсіпорындарында 4 сағаттан артық
болмайды. Толық даярлау кәсіпорындарында жартылай фабрикаттарға
майонез қосып, араластырып, үлестіріп, безендіреді.
Қойылтылған тұздықтардың сұрыпталымына негізгі қызыл, негізгі ақ,
томатты, қаймақты, алма тұздығы немесе томат қосылған көкөністі маринад.
Дайындау ерекшелігі оларды сұйықтықтың толық нормасымен әзірлемейді
(ол жартылай фабрикаттың атауында дакөрсетілген). Толық даярлау
кәсіпорындарында оларды жылы сумен қажет консистенцияға дейін сұйыл-
тып, мұқият араластырады. Дәмдеуіштер қосып, 10-20 минут ішінде пісіреді
(амлма тұздығын тек қайнатуға дейін жеткізеді). Өткізудің жалпы мерзімі 48-
ден 120 сағатқа дейін.
Достарыңызбен бөлісу: