178
Тефтелиді болса, сыйымдылықта қуырып,
томат тұздығын құйып,
бұқтырады, домбайларды тесікті сыйымдықта сорпада бөктіріп, бітеу
сыйымдылықтарға салып, томат тұздығын құяды.
Тефтели мен домбайларды ҚСШ-да салқындатады. Жүзеге асыру мерзімі
–
48 сағат.
Қайнатылған картоп, сәбіз, қызылша. Картоп пен тамырсабақтарды
көкөніс цехтарында ағымды желілерде тазалап, аспаздық цехына бүтіндей
немесе текшелеп туралып беріледі. Мұнда оларды буда пісіру
аппараттарында дайын болғанша пісіріп, ҚСШ-да 8-6°С температураға дейін
салқындатады (салқындату ұзақтығы 2 сағаттан аспайды).
Дайын өнімдер
камерасында аз уақытқа сақтап, одан кейін жөнелтіледі. Сақтау мен өткізудің
ортақ мерзімі – 12 (текшеленіп туралған картоп), 18 (бүтін түйнекті картоп,
сәбіз, текшелеп туралған) және 24 сағат (сәбіз, бүтін түйнекті қызылша).
Достарыңызбен бөлісу: