64
Мына себептер қатары эмульсияның бүлінуін тудыруы мүмкін: майонезді
сақтауда 30°С-қа дейін көтерілген немесе -15°С-қа дейін төмендетілген
температура, қақпағы ашық ыдыста немесе жарық сәуледе сақтау және т.б.
Рецептуралар жинағында сірке суы, май және сарыуыз бөлігін сірке сулы
ақ тұздықпен ауыстыру арқылы арзандатылған майонез технологиясы
келтірілген. Ақ тұздыққа арналған ұнды майсыз қыздырады, түсінің
өзгермеуін қадағалап, 50°С-қа дейін салқындатады. Дәл осындай
температурада салқындатылған сірке суымен араласқан сорпамен біріктіріп,
қайнатуға дейін апарып, салқындатады. Мұндай майонездің калориялығы
төмен.
Майонезді салаттарды дәмдеуге, балық, ет, жұмыртқа, көкөністен
дайындалған салқын тағамдарға, сонымен қатар, туынды тұздықтардың бүтін
қатарын дайындау үшін пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: