70
Алынған массаны 50-40°С-қа дейін салқындатып, тұз, жұмыртқа, үкпе
сүзбе қосады (рецептуралар жинағының 2- бағаны бойынша). Араластырып,
1 үлеске 2 данадан келетіндей етіп котлеттерді пішіндейді, кепкен нанға
немесе ұнға аунатып, аударып қуырады. Берер алдында май құяды немесе
бір қырына қаймақ не сүтті, қаймақты тұздық құяды.
Қырыққабатты котлеттер. Қырыққабатты сабандап турап немесе
майдалап кеседі, артынша сәбіз сияқты бөктіріп, котлет массасын да дәл
солай дайындайды (сәбізден дайындаған секілді). Қырыққабатты котлеттерді
алмамен әзірлегенде тұқымды ұясы алынған алманы сабандап турайды, аз
мөлшердегі майды қосып бөктіреді және дайын қырыққабат массасымен
біріктіреді. Әрі қарай дәл сәбізді котлеттер секілді дайындап, дастарханға
тартады.
Қызылшалы котлеттер. Қызылшаны қабығымен қайнатады, одан кейін
тазалайды, езгілейді немесе көкөніс турағыштан өткізіп, маймен қыздырады.
Артынша ұнтақ жармасын сеуіп, дайын болғанша қайнатады. Әрі қарай
сәбізді котлеттер секілді дайындайды. Қаймақпен, немесе сүтті, қаймақты
тұздықпен не болмаса қаймақты пиязбен береді.
Достарыңызбен бөлісу: