72
Қырыққабаттың қауданын өзегін алып тастағаннан кейін ыстық суға
салып, 12-15 минут ішінде пісіреді. Содан соң алып, суын ағызып,
жапырақтарға бөлшектейді.
Көкөністі, күріш қосылған көкөністі, күрішті, саңырауқұлақ қосылған
күрішті, күріш қосылған етті турамалармен толтырады.
Көкөністі турамамен толтырылған бұрыш. Қырыққабатты бұқтырып,
шала қуырылған сәбіз, ақжелкен, пияз, қызанақ езбесі, қант және сірке суын
қосып, дайын болғанша бұқтырады. Алынған турамамен дайындалған тәтті
бұрышты толтырады да, қызанақ тұздығын құйып пісіреді. Берер алдында
бұрышқа өзінде піскен тұздықты құйып, ұсақталған көктерді себеді.
Достарыңызбен бөлісу: