Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Ірімшік немесе қаймақ қосылған ұнтақ жармалы үзбе кеспе



бет66/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

Ірімшік немесе қаймақ қосылған ұнтақ жармалы үзбе кеспе. Сүт пен
су қоспасында немесе судың өзінде қою жабысқақ ботқа пісіреді (1 кг
жармадан 3 кг шығатындай), 75-70°С-қа дейін салқындатып, шикі жұмыртқа
және ерітілген маймен араластырады. Алынған массаны екі қасықтың не
кондитерлік қапшықтың көмегімен үзбе кеспелерге бөліп (10-15 г-нан),
тұздалған суда баяу қайната отырып 5-6 минут ішінде пісіреді.
Дайын үзбе кеспелерді кеселерге салып, ыстық күйінде маймен және
үгітілген ірімшік не қаймақпен береді.
Котлеттер мен домалатпалар. Оларды тары, күріш, бидай және басқа да
сүт пен су қоспасында не судың өзінде піскен қою жабыспалы ботқалардан
әзірлейді. Тәтті тұздықпен берілетін котлеттер мен домалатпаларға көбіне
ботқаны қантпен пісіреді; хош иістендіру үшін дайын ботқаға ванилин
қосуға болады: рецептуралар жинағының 2-бағаны бойынша жұмыртқа





77 
қосады. Егер өнімдер саңырауқұлақты тұздықпен берілетін болса, қант пен
ванилинді салмайды. Котлет (домалатпалар) массасына толтырма ретінде
сүзбе мен сәбіз қосуға болады.
Дайын болған массадан котлеттер немесе домалатпалар жасайды, кепкен
нанға аунатып, негізгі тәсілмен 10 минут ішінде қуырады.
Котлеттер мен домалатпаларды көбіне ыстық күйінде тәтті немесе сүтті,
не болмаса саңырауқұлақты тұздықтармен береді. Қаймақпен, тосаппен,
джеммен және повидломен оларды ыстық және салқын түрінде беруге
болады.
Пісірмелер. Оларды түрлі жармалардан дәмді етіп сүзбемен, асқабақпен,
жемістермен, мейізбен, цукаттармен әзірлейді. Пісірмелер үшін жабысқақ
немесе шашыраңқы ботқа пісіреді. Оған май, жұмыртқа, қант және басқа да
ингредиенттер қосады. Тәтті пісірмелер үшін ботқаға ванилин қосады.
Дайын массаны май жағылып, кепкен нан себілген жайпақ табаға салып,
үстіңгі қабатына жұмыртқа мен қаймақ қоспасын жағып пісіреді.
Пісірмелерді қаймақпен немесе маймен, не болмаса өрік не мүкжидек
тұздығымен береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет