165
Ет өнімдерінен тағамдар жасауда маңызды рөлді олардың дәмдік
қасиеттері мен сыртқы түрін жақсартатын тұздықтар алады. Негізгі өнімді
дайындау технологиясы ересектер кулинариясындағыдай.
Сүзбе мен жұмыртқалардан дайындалатын тағамдар. Бұл
тағамдар
балалар тамақтануында ерекше маңызды, ал олардың сұрыпталымдары кең
болуы тиіс: қайнатылған жұмыртқалар, омлеттер,
жұмыртқа ботқасы,
қаймақпен сүзбе, сүзбе қоспасы, варениктер, сырниктер, пісірмелер,
пудингтер. Егер сүзбе қышқыл (250 °Т-қа дейін) болса,
оны жағымсыз деп
қабылдау мүмкін. Бұл қатынаста сүзбе алдында артықшылыққа ие өнім –
коприцепитат. Оны хлорлы кальций көмегімен ақуызды тұндыру арқылы
алады: оның әсерімен казеинмен бірге сарысу ақуыздары да тұндырылады,
ал қышқылдық 60°Т-тан аспайды.
Сүзбеден тағамдарды әзірлеуде онымен қоса,
оны көкөністермен
үйлестіру тәсілін (картоппен, сәбізбен сырниктер) қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: