50
Құс пен жабайы құстардан тұздықты сорпа. Бұл тұздықты сорпаны ет
сорпасын дайындағандай етіп әзірлейді, бірақ ет өнімдерінің орнына асылған
немесе қуырылған құс пен жабайы құсты пайдаланады.
Тұздықты балық сорпасы. Балықты сүйекті қаңқасымен сүйексіз терілі
сүбеге мүшелейді. Ал бекіре тұқымдас балықты
бөліктерге терісімен
шеміршектерісіз үлесті бөліктерге кеседі. Қалғанын тура ет сорпасы секілді
дайындайды.
Тұздықты саңырауқұлақ сорпасы. Дайындалған балғын немесе
кептірілген
саңырауқұлақтарды
қайнатады,
сорпаны
сүзгілейді,
саңырауқұлақтарды жуады, майдалап турап, қайнатпаға басқа өнімдер және
дәмдеуіштермен бірге салады.
6.2.
Езбе тәрізді сорпаларды әзірлеу
Езбе сорпалардың өзіне тән ерекшелігі – біркелкі консистенциясы. Оған
арасында аздаған мөлшерде үгілмеген өнімдер қосылып тұрады. Езбе
сорпаларды көкөністерден (картоп, жер алмұрты, сәбіз, шалқан, бәді,
асқабақ, қызанақ, гүлді қырыққабат және т.б.), саңырауқұлақтардан (ақ,
қозықұйрық), дәндерден (күріш, арпа, сұлы, бадана,
асбұршақ, жасыл
бұршақ), ет өнімдерінен (бауыр, ауылшаруашылық құсы, қауырсынды
жабайы құс), балық және балық емес өнімдерден дайындайды.
Езбе тәрізді сорпаларды мына түрлерге бөледі:
ақ тұздықта дайындалған езбе сорпалар;
сүт тұздығында дайындалған крем сорпалар;
шаян тәріздестерден дайындалған биск сорпасы.
Езбе сорпаларды көкөніс немесе ет сорпаларынан дайындайды.
Негізгі
өнімдердің бөлек, олардың гарниріне пияз, тамырсабақтар кіреді.
Өзінің нәзік консистенциясы мен жоғары дәмдік сапасының арқасында
бұл сорпалар балаларды тамақтандыруда және диеталық тамақтандыруда кең
қолданысқа ие. Күнделікті тамақтануда олар батыс еуропалық елдер
қатарында танымалдылыққа ие.
Езбе сорпаларды дайындау технологиясының жалпы сызбасы 6.1-суретте
келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: