III. Қорытынды Шығыс адамы үшін әлем шексіз, сондықтан да ол өзінің бойына барлығын жинақтайды. Ендеше ол дүниені қайта құруды қажет етпейді. Дүниені емес, адамды, оның санасын өзгертуді талап етеді. Материалдық-тәндік қана емес, сондай-ақ бір мезгілде рухани жанды нәрсе бола тұрып, адам өзінің физикалық шектелуін және нәпсісін жеңіп шығуы және таза рух деңгейіне дейін көтерілуі тиіс. Сондықтан Шығыстың басты қағидасы – адамның өзін-өзі тануы, өзінің санасын жетілдіруі болып табылатын ішкі психологиялық рухани іс-әрекет.
Егер Батыстың ұраны: «Сыртқы дүниені танып, соның негізінде оны қайта өзгерт» десе, Шығыстың ұраны: «Өзіңді өзің танып, соның негізінде санаңды қайта өзгерт». Ал Еуразияның ұраны: «Ізгілік жасау немесе жақсылыққа, жарастыққа, парасаттылыққа ұмтылу». Ұлы Абайдың сөзімен айтсақ: «Адам бол!», рухани-адамгершілік жағынан жетілген, Шығыстың руханияты мен Батыстың озық технологиясын, ақыл-ойын бойына сіңіріп, екеуін ұштастырған толыққанды адам бол! Еуразияшылдық мәселесі өз ішіне географиялық, тарихи, әлеуметтік, геосаяси, этнологиялық, этнопсихо¬логия¬лық жақтарды, яғни табиғи ортамен, адамның қоғамдық дамуымен және оның ішкі рухани әлемімен байланысты нәрсенің бәрін сіңіреді. «Еуразияшылдық» деген сөз «Еуропа» мен «Азия¬ны» біріктіреді, бірақ олар фило¬софиялық мәні жағынан «Батыс» пен «Шығыс» деген кең және мазмұнды ұғымды білдіреді.
Бұлардың мәнін аша отырып, Батыс пен Шығыс өзінің дүниеге қатыстылық қағидасы, яғни дүниедегі көзқарас пен өмірлік-практикалық бағдарламасы тұрғысынан бір-біріне тікелей қарама-қарсы болып көрінеді.
Дүниеге батыстық қатынас және одан туындайтын негізгі идея адамды қоршаған дүниенің жетілмегендігін және адамның әлеуметтік қажеттіліктеріне толық жауап бермейтінін айқын¬дайды. Демек, дүние одан әрі жақсаруды, қайта құруды, одан әрі толығырақ қалыптастыруды қажет етеді. Басқаша айтқанда, батыстық дүниеге қатынастың басты қағидасы – заттық-прак¬ти¬калық, материалдық іс-қимыл.
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Ысмағұлов М. Ғұмар Қарашев. Қолжазба. Батыс Қазақстан
облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорынан. –- 78-қор, 2-тізбе,
3975-іс. – 30,6п.
2. Жұмағұл С. Алғыр жүйрік сұлтаным // Ана тілі. – №46. – 2013. –
21–27 қараша.
VII тарау. Ғұмар Қараштың ұлттық рух философиясы 377
3. Әбсеметов М. ХХ ғасыр басындағы тарихи-әдеби процестегі
Міржақып Дулатұлының шығармашылығы. Филол. ғыл. канд. дисс. –
Алматы, 1991.
4. Қазақ газеті / Бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы «Бас редакциясы», 1998.
5. Жүсіп Қ. Екі жақты бір тілді сөйлейтін сөзге шешенмін // Ана тілі.
– № 28. – 11–17 шілде. – 2013.
6. Нысанбаев Н. Философия взаимопонимания. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001.
7. Ғұмар Қараш. Замана. – А.: Ғылым, 2000.
8. Тайырова Б. Ғұмар Қараштың философиялық көзқарасы. Филос.
ғыл. канд.дисс. – Алматы, 2007.
9. Сыдиқов Қ. Ағартушы, ойшыл қайраткер ақын // Замана. – А.:
Ғылым, 2000.
10. Аққұлұлы С. Ғұмар Қараш // Жұлдыз. – 1992. – 28 наурыз.
11. Ғұмар Қараш // «Дана» журналы. – № 3. – 2013, сәуір.
12. Тілешов Е. «Алаштың» жолы // Алаш-таным. Ғылыми мақалалар
жинағы. 1-т. – Семей, 2012.
13. Әбжанов Х.Алаш қозғалысындағы ұлттық идея эволюциясы //
Алаш-таным. Ғылыми мақалалар жинағы. – 1-т. – Семей, 2012.
14. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра,1999.
15. Ошақбаева Ж. Қазақ зиялыларының руханиятты қалыптастырудағы ролі // Қазақ руханияты: тарихи-философиялық және
этномәдени негіздер / Ұжымдық монография. – Алматы: ҚР БҒМ