Тапсырма № 115. Жасы 18-гі жігіт аузының ішіне бөрткендер шығып, ас қабылдаудың қиындағанына, қызылиегі де сыздап ауыратынына және қанағыштығына шағымданады. Бөрткендер шығар алдында басы ауырып, бойын әлсіздік билеп, дене қызуы 37,5оС дейін көтерілген. Қарап тексергенде : екі ұрттың қатты таңдайының кілегей қабығында көптеген ұсақ әртүрлі пішінді эрозиялар бар, беттері ақшыл-қызыл қақпен жабылған, тиіп кетсе қатты ауырады. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, аздап ауырады. Қызылиегі де қатты қызарып, ісінген.
Төмендегі дәрілердің қайысысын жалпы емдеуге қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді болады?
Доксициклин
Бисептол
Метронидазол
Орунгал
+ Левимазол
+ Ацикловир
Тапсырма №116. Жасы 18-гі жігіт әлсіздікке, тәбетінің болмауына, ауыз ішіне бөрткен шығып, сөйлеудің, ас қабылдаудың қиындағандығына, жұтына алмайтыныдығына шағымданады. Ауру 3 күн бұрын дене қызуының көтерілуінен басталған. (38*С дейін) Қарап тексергенде: таңдай, екі ұрт кілегей қабығы қатты қызарып, ісінген және бетінде әртүрлі көлемді (д-3,5,7мм) әртүрлі пішініді эрозиялар орын алған, кейбіреулері бір-бірімен қосылып, көлемді эрозия ошағына айналған. Қызылиек жиегінің кілегей қабығы- қызарып ісінген.Қызылиек бүртіктерін сүңгілеп тексергенде оңай қанайды.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
Ауыздың дәріден қабынуы, күлбіреуікті -эрозиялы түрі
+ Ауыздың жедел герпесті қабынуы
Көптүрлі жалқықыты қызарма
Белдеме теміреткі
Аусыл
Тапсырма №117. Жасы 48-дегі әйел аузының құрғауына ысып-күйіп мазалайтынына, кілегей қабығының кедір-бұдырлығына шағымданады. «Қант диабеті, компенсацияланған түрі» деген диагнозбен дәрігер-эндокринологта диспансерлік бақылауда тұрады. Қарап тексергенде: тілінің үстінде және ұртында ақшыл-сұр түсті таға құрап орналасқан, оңай алынатын қақтар анықталады. Қақтар алынған аймақта кілегей қабық қатты қызарып, домбыққан.
Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
+ Ауыз кандидозы