Тапсырма №5 Дүниетануды (Қоршаған орта) «Өзін өзі тануды» оқыту теориясы мен технологиясы тақырыбының мазмұнын жазу


Сіз осы ертегінің идеясын (негізгі идеясын) қандай мақал-мәтелдермен жеткізе аласыз



бет16/19
Дата16.05.2022
өлшемі44,69 Kb.
#34653
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Тапсырма 5

6. Сіз осы ертегінің идеясын (негізгі идеясын) қандай мақал-мәтелдермен жеткізе аласыз.

* Су лас балаларды ұнатпайды.

• Таза ретінде трубочист.

* Тазалық-денсаулық кепілі.

* Таза және от жағылмайды, ал кір мен су жуылмайды.

* Лас жейдеден слутты көруге болады.



Практикалық сабақ №13

Тапсырма:

Ы.Алтынсарин әңгімелерінің балаларды тәрбиелеудегі маңызы


Тұңғыш ағартушы ұстаз ұстаз! Тұңғыш білім ордасын ашқан ұстаз! Тұңғыш қолына күміс қоңырау алып, қазақ балаларын білімге шақырған ұстаз! Иә, әңгіме қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ зиялыларының көзбасшысы, халық игілігі үшін аянбай еңбек еткен ұстаз Ыбырай атамыз бен оның баға жетпес асыл мұралары жайында болмақ!
Ұстаздықты сөз етсек, Ыбырай есіміне тоқталмай кету, тәрбие мен оқуды сөз етсек, «Қазақ хрестоматиясы» жайында бірер сөз айтпау мүмкін емес. Қазақ даласындағы аумалы - төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас тағдырына терең үңілген Ыбырай Алтынсарин атамыз «Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы» екенін ескерген. Бұл шығармалардың мазмұнынан мен Ыбырайдың ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көремін. Жас ұрпақтың тәрбиесіне көңіл бөлу керектігіне ерекше назар аударған деп ойлаймын.
Ыбырай - қазақ балаларын, жалпы қазақ ұрпағын сауатты әрі білімді болуын қалаған адам. Ыбырай болыс мектептеріндегі бірінші бөлімнің оқыту бағдарламасының әрбір ауыл мектептерінде болуын қалады және соған қол жеткізе алды. Сол себепті Ы. Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырып, қазақ балаларына арнап ''Оқу құралын'' жазады. Одан бөлек ол әдістемелік мәні бар ''Семья мен мектеп'', ''Халық мектебі'' журналдары мен қолөнері үшін қажетті Гестерманның техникалық жинағын физика, химия кабинеттері үшін құрал-жабдықтар алдыруға 600 сом жинаған.
"Қазақ хрестоматиясында" сөз басы ретінде осы өлеңнің басты төрт жолы берілген еді. Қазақ әдебиетінде бұған дейін оқу-білім өнерге бірыңғай шақыратын мұндай жырлардың жоқтығын ескерсек, осы ''Кел, балалар, оқылық'' өлеңінің мән-маңызы атты өлеңін бастан-аяқ тың мазмұнды, жаңа сипатты шығарма дей аламыз.
''Қыпшақ Сейітқұл'', ''Киіз үй мен ағаш үй'',''Қыпшақ Сейітқұл'' ,''Аурудан аяған күштірек'', ''Асыл шөп'', ''Малды пайдаға жарату'' атты әңгімелері қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылық секілді қасиеттерді тәрбиелеуге арналған.
, ''Түлкі мен ешкі'', ''Қарға мен құрт'', ''Сауысқан мен қарға'' т. б. Дегенмен оның балалар табиғатына жақын, қазақ өмірінен алып жазған шығармаларының өзі аса елеулі. Осы орайда қара сөзбен келсе де айтыс өнерін еске түсіретін ''Жан-жануарлардың дауласқаны'', ''Байұлы'', ''Сәтемір хан'', ''Жәнібек батыр'', ''Оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары'' тәрізді топтамаларында тапқырлық, шешендікке баулуды мақсат етеді.
Сонымен Ы. Алтынсарин өзінің қара сөздерінде тәрбиелік мәнді, қысқа сюжетті, шағын әңгімелердің алғаш рет негізін салды. Демек, осы тұрғыдан алып қарасақ Ыбырай ақын, тұңғыш педагог, ұстаз - ғалым. Оның мұрасы тарихқа да әдебиетке де тән, ұстаздық тәрбиелік ой-пікірілері қазақтың таусылмас қазынасы.

Практикалық сабақ №14



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет