4.Берілген терминдермен сөйлемдер құрастырыңыздар:
өзін-өзі тану, тәрбие, адамгершілік, кұндылық, қарым-қатынас, тәртіп.
1) Өзін-өзі тану пәнінің көмегімен балалар әртүрлі өмірлік жағдайларды шеше білуі керек.
2) Өзін-өзі тану балаларды адами қарым-қатынасқа, денсаулығын сақтауға, ең жақсы қасиеттерін ашуға үйретеді.
3) Өзін-өзі тануды балаларға адамгершілік құндылықтарды сіңіретін жас ұрпақты тәрбиелеудің қайнар көзі ретінде қарастыруға болады.
4) "Өзін-өзі тану" пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық әлеуетін дамытуға, оның жеке қасиеттерін ашуға, балаларда мейірімділік, адалдық, кұндылықты қалыптастыруға бағытталған.
5) Тәртіп - адам іс-әрекетінің жетістігінің негізі.
Достарыңызбен бөлісу: |