Тапсырма 5 Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс технологиялары



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата10.11.2022
өлшемі112,29 Kb.
#49226
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ағымдық бақылау 5

Егер еңбектің мүгедектердің жалпы жағдайына пайдасы тиетін 
болса және оған аптасына 16 сағаттан кем емес уақыт 
жұмсалса, заңдық негізде мүгедектердің еңбек ету құқығы іске 
асырылады.
Мүгедектердің шығармашылық және өндірістік қабілеттерін 
пайдалану мақсатында, сонымен қатар, сауықтырудың жеке 
бағдарламалары ескеріле отырып, мүгедектерге қалыпты еңбек 
жағдайларындағы мекемелерде, мамандандырылған мекемелерде, 
мүгедектер еңбегі қолданылатын цехтар мен учаскелерде жұмыс 
істеу және заң тыйым салмайтын кәсіпкерлік пен басқа да еңбек 
түрімен айналысу құқығы беріледі. 
Мемлекет жас мүгедек-мамандардың жұмысқа тұруына 
көмектеседі. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі 
арнаулы шаралар мүгедектердің жұмысқа тұруын қамтамасыз 
етуге және мүгедектер еңбегін пайдалану үшін жұмыс 
орындарын ашқан (соның ішінде мамандандырылғандарын) 
жұмыс берушілерге жеңілдіктер жасау мен қаржылық көмек 
көрсету міндеттемелерін заңнамалық негізде бекітуге 
бағытталған шаралар кешенін қамтиды. 
Мүгедектің денсаулығы оның кәсіби міндеттерін орындауға 
кедергі жасайтын немесе басқа адамдардың денсаулығы мен 
еңбек қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлардан басқа кезде 
онымен еңбек келісімшартын жасаудан немесе қызметін 
жоғарылатудан бас тартуға, жұмыс берушінің ықтиярымен 
жұмыстан босатуға, мүгедек адамды өз келісімінсіз басқа 


жұмысқа ауыстыруға мүгедектік мотивтері бойынша рұқсат 
етілмейді. 
Тиісті мекемеде қандай да бір сауықтырудан өтіп жатқан 
адамды, онда қанша уақыт болғанына қарамастан, жұмыс 
берушінің өз ықтиярымен жұмыстан шығаруына рұқсат 
етілмейді. 
Жұмыс берушінің кінәсінан мүгедектікке ұшыраған қызметкерге 
шеккен зияны барлық жағдайда, жан мен тән күйзелісі түрінде 
көрініс тапқан моральдық залалдың өтемақысына қоса 
толықтай төленеді. 
Мемлекеттік органдар тарапынан мүгедектерді олардың 
қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен жұмыспен қамту 
мақсатында жұмыс берушілер үшін қызметкерлері санының бес 
пайызынан кем емес (егер қызметкерлер саны 20 адамнан кем 
болмаса) мөлшерде мүгедектерге арналған броньдалған жұмыс 
орындарының нормативі бекітіледі. 





2. Қазақстан Республикасында жас мүгедектерді әлеуметтік 
қамсыздандыру шаралары 
 
Тұрғын үйлерді мүгедектердің қол жеткізуі мен пайдалануына 
лайықтау. Мүгедектер немесе құрамында мүгедек мүшесі бар 
отбасылар тұратын тұрғын үйлер жеке сауықтыру 
бағдарламаларына сәйкес арнаулы құралдар және асай-
мүсейлермен жабдықталады. Айтылған тұрғын үйлерді иелігінде 
тұрғын үй қоры бар жергілікті өкілдік және атқарушы орындар, 
басқа да заңды тұлғалар мүгедектердің қоғамдық 
бірлестіктерінің қатысуымен жабдықтайды. Айтылмыш 
шаралардың қаржыландырылуы жергілікті бюджет есебінен 
жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа, сонымен қатар, қоғамдық 
қайырымдылық ұйымдарының қаражаты да жұмсалатын 
болады. Қозғалыс көліктері мен маршруттарды мүгедектердің 
пайдалануына лайықтау: Мемлекеттік басқарудың тиісті 


республикалық орындары мүгедектердің пайдалануы үшін 
көліктер шығару және оларды қайта жабдықтау 
бағдарламаларын олардың іске асырылуының қағидаттары мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет