Сұрақ13: САПРОФИТТЕР
Кілемнің бір шаршы метрінде қанша сапрофиттер мекендеуі мүмкін? _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сұрақ14: САПРОФИТТЕР
Адам бұл мәтінді оқып, былай деді: «Сапрофиттер халықтың денсаулығы үшін үлкен қауіп-қатер болып табылады» .
Сендер келісесіңдер ме?
«Иә» немесе «Жоқ» сөздерін айналдыра сызындар. Өз жауаптарыңды негіздеу үшін мәтінді қолданыңдар.
Иә Жоқ
Тапсырма
БАСПАДА ОҚУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
Оқушылардың пікірлері (ОП)
Қаншама адам аштық пен аурудан көз жұмады, ал біз болашақ жетістікке көбірек қызығушылық танытамыз. Біз бұл адамдарды елемейміз, олар туралы ұмытуға тырысамыз жәнеәрі қарай жүреміз. Үлкен компаниялар ғарышты зерттеуге жылына миллиардтаған доллар жұмсайды. Егер ғарышты зерттеуге жұмсалатын ақша сараңдардың емес, мұктаждардың игілігіне жұмсалса, онда бұл миллиондаған адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдетуші еді.
Анна
Көптеген адамдар үшін ғарышты зерттеу міндеті шабыттану көзі болып табылады. Жұлдыздарға жетіп, қол тигізуге ұмтылып, біздің ойымызша сонда өмір сүретін біреулермен қарым-қатынасқа ұмтылып, білуге ұмтылып, аспан туралы мыңдаған жыл армандадық. Бүкіл әлемде біз жалғызбыз ба?
Ғарышты зерттеу - бұл біздің әлемімізді не қозғайтынын зерттеу мен тану үшін метафора. Реалистер біздің мәселелеріміз туралы еске салып жатқанша, армандаушылар біздің ақыл-есімізді байытуда. Бұл - армандаушылардың қиялы, бізді болашаққа әкелетін олардың үміттері мен тілектері.
Беатрис
Біз ылғалды ормандарды бұзамыз, себебі олардың астында мұнай бар, уран өндіру үшін қасиетті жерде шахталар жасаймыз. Біз, адамдар, шыққан тегімізтуралы сұраққа жауапты табу үшін басқа планетаны да бұзар ма екенбіз? Әрине! Ғарышты зерттеу адамзат мәселелерін қоршаған ортаға үнемі үстемдік арқылы шешуге болады деген қауіпті пікірді күшейтеді. Адамдар егер байқап алу үшін әлі бірдеңенің барын білсе, өзендер мен ормандар сияқты табиғи ресурстарын еркін және дұрыс пайдаланбауын жалғастыра бермек.
Біз Жер планетасына жеткілікті зиян келтірдік. Біз ғарыш кеңістігін тыныш қалдыруымыз керек.
Дитер
Жершарының ресурстары тез таусылады. Жер бетінің халқы аса үлкен қарқынмен өсіп келеді. Егер біз осылай өмір сүре беретін болсақ, өмір сүру қиындай бермек. Ауаның ластануы озон қабатындағы тесіктің пайда болу себеп болды. Құнарлы жерлер азайып келеді және көп ұзамай біздің азық-түлік ресурстарымыз таусылады. Қайта қоныстануға байланысты аштық пен ауру да бар.
Ғарыш - бұл өзіміздің игілігіміз үшін пайдалануымызға болатын аса үлкен бос аймақ. Ғарышты зерттей отырып, бір күні біз сонда тұра алатын ғаламшарды табамыз. Қазір бұл іске аспайтын болып көрінеді, бірақ ғарыш саяхаты сияқты түсінік те мүмкін емес болып саналған. Күнделікті мәселелерді шешу үшін ғарышты зерттеуді тоқтату - өте шектеулі жәнекөзқарас. Біз өз ұрпағымыз туралы ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақтарымыз туралы ойлауға тиіспіз.
Феликс
Ғарыштық зерттеулердің бізге беретін пайдасын елемеу, бүкіл адамзат үшін үлкен жоғалту болушы еді. Жер жүзі мен оның пайда болуы туралы білу – өте маңызды. Егер біз Жерді дұрыс пайдалансақ, басқа аспан денелерін зерттеу мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты түсініктерімізді кеңейер еді.
Достарыңызбен бөлісу: |